Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда зейнетақы жинағына қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді
Жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағына қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді

25.05.2021
1 мин
8
2512

Бірінші мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналарын мерзімінен бұрын алатындар тізімі кеңейді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады.

Ерікті зейнетақы жарнасы – салымшылардың өз бастамасымен зейнетақы қорындағы шотына аударатын ақшасы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ерікті зейнетақы жарнасын мерзімінен бұрын алуға мына санаттағы адамдарға рұқсат етіледі:

  • елу жасқа толған;
  • мүгедектерге;
  • Қазақстан шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (кету ниетiн немесе фактісін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда);
  • БЖЗҚ-да және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы шегінде кемінде 5 жыл зейнетақы жинағы бар адамдар.

Соңғы санат тізімге биыл мамырда ғана енді. Енді зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын кемінде бес жыл аударған азаматтар шоттағы ақшасын мерзімінен бұрын алуға құқылы.

Мәселен, егер салымшы ЕЗЖ-ны 20 немесе 30 жастан бастап аударса, тиісінше 25 немесе 35 жасқа толғанда өзінің алғашқы төлемін алады.

Айта кетсек, 2021 жылдың 1 мамырынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін шоттар автоматты түрде ашылады. Жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негіз болады. Яғни салымшыға кеңсеге барудың қажеті жоқ.

ЕЗЖ-ны жеке тұлға өзі үшін, жеке немесе заңды тұлғалар басқа біреу үшін аудара алады. Бұл ретте жарна мөлшері мен мерзімділігін салымшы өзі айқындайды.

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейлі банктер немесе Қазпошта арқылы аударуға болады. Кейбір банктерде зейнетақы жарнасын онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары) аудару мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ ақпаратынша, өз пайдасына ерікті зейнетақы жарнасын тұрақты аударып тұру үшін жұмыс берушінің атына өтініш жазуға да болады. Соның негізінде жұмыс беруші жарнаны өтініш иесінің не үшінші тұлғаның шотына тұрақты түрде аударып отырады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
8 Пікір
М
Максат 25.05.2021
Мысалы 2млг дай бар соны шеше аламба
Жауап беру
Г
Гулнар 25.05.2021
Жолдасым мугедек 1 топ , жинагын ала аламыз ба , жасы 52 де
Жауап беру
Г
Гулнар 25.05.2021
Белгили бир молшерде сумма болу керек пе н/е кандай сумма болсада бериле ме , жинак енбек етип белгили бир мекемеден аударылса ала аламыз ба
Жауап беру
П
Перизат 25.05.2021
Соммасы аз болсада алатын болганда биз алатин едик кв.журмиз 10жыл болды
Жауап беру
Н
Назгул 25.05.2021
Арасына көпбалы аналарды қосса болады ғой үйімізге жөндеу жумыстарын жасайтын едікн
Жауап беру
Ж
Жанна 25.05.2021
Сонда калай?50 жаска толган азамат(ша),счетка 5 жыл пенсионный аудар адам ала ала ма,парог достаточность карамай ма?кешегиде шешип алдык кой пенсионканы,енди калганды алуга бола ма?
Жауап беру
Г
Гүлмарал 25.05.2021
Сонда кез келген 50жасқа толған кісілер ала бередіма пенсионкадағы ақшасын
Жауап беру
А
Айгерiм 25.05.2021
Зейнетақы қорында ғы ақшаға жаңа көлік алуға кашан мүмкіндiк берер екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл