Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жалған екпе құжатымен ұсталған қажылар 2 мың доллардан астам айыппұл төлейді
Жаңалықтар

Қазақстанда жалған екпе құжатымен ұсталған қажылар 2 мың доллардан астам айыппұл төлейді

03.12.2021
1 мин
0
701

Қазақстанда жалған екпе құжатымен ұсталған қажылар 2 мың доллардан астам айыппұл төлейді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы кіші қажылыққа қойылатын талаптар күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz  “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Қасиетті Меккеге баратын қазақстандықтар Сауд Арабиясы аумағына кіруге жарамды деп бекіткен вакцинаны ғана салдыруы керек.

Араб елі мақұлдаған 4 препараттан бізде тек Pfizer вакцинасы бар. Діни басқарма қасиетті Мекке мен Мединаға барып бес парыздың бірін орындағысы келетін отандастарымызға аталмыш америкалық екпенің екі компонентін ақылы түрде алуға шақырады.

Ұмра қажылығына баруға бір ай бұрын рұқсат берілген. Осы уақыт аралығында мұсылман парызын өтеуге аттанған отандастарымыз жетерлік. Елімізде кіші қажылықты өтеймін деушілер әлі де көп. Бірақ олар санитарлық талапты қатаң сақтауға тиіс. Мүфтият жалған екпе құжатын жасап алғандар 2 мың 667 доллар айыппұл төлейтінін ескертіп отыр.

Дәрігерлердің кеңесімен Pfizer вакцинасын қабылдаған кез келген азамат сенімді деп табылған қажылық компанияларының бірімен заңды жолмен ұмра қажылығын атқарып қайтуына болады.

Қазір кіші қажылық өтеуге ниет еткендердің қатары көбеюде. Мекке мен Мәдина қаласындағы мешіттерде күніне бірнеше рет залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп, қажылардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл