Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жәрдемақының жаңа түрі енгізілмек
Жаңалықтар

Қазақстанда жәрдемақының жаңа түрі енгізілмек

26.05.2021
1 мин
42
16761

Мәжіліс әлеуметтік қорғау заңнамасына енгізілген өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы бойынша азаматтардың кейбір санаттары үшін жаңа жәрдемақы енгізіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуынша, заң жобасы мүгедек адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, еңбек ардагерлері және басқа да санаттарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруді көздейді.  

"Негізі тұжырымдамалық жаңалықтарға тоқталсақ, біріншіден I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылған. Бүгінде I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметтерімен де қамтылмаған, яғни, басқа адамның көмегіне зәру, олар – өз бетімен жүре алмайтын мүгедек жандар. Осылайша заң жобасын қабылдау нәтижесінде күтім жасау жәрдемақысымен қосымша 24 мың адам қамтылады", – деді Шәпкенов мәжілістің жалпы отырысында.

Сосын мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығы сақталады. Қазіргі кезде ондай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй берілмесе, мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Ал жаңа норманың арқасында 20 мыңнан астам отбасы тұрғын үй кезегін сақтай алады. Заң жобасында мүгедек  балаға күтім жасау мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылып отыр.

Бұдан бөлек, заң жобасы аясында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылған. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, соның ішінде балалар ауруының дәрежесіне қарай жәрдемақы мөлшерін саралауға мүмкіндік береді.

"Бұл ретте мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-тен 37%-ке дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедек балаға қатысты болады", - деп атап өтті министр. 

Сондай-ақ, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алу құқығы беріледі. Министрдің сөзіне қарағанда, осының арқасында асыраушысынан айырылған және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.  

"Қазіргі уақытта мүгедек балалар ата-анасы ажырасқан кезде бір мезгілде алимент пен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда бір немесе екі ата-анасы қайтыс болған жағдайда бала мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады. Осы норма енгізілген жағдайда 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыға қоса асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны ала алады", – деді Шәпкенов.

Айта кеткен жөн, бүгінде мүгедектігі бойынша 41 163 – 48 023 теңге, ал асыраушысынан айырылу бойынша 12 063-29 500 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі.

Заң жобасының тағы бір жаңалығы – еңбек жарақатынан мүгедек болып қалған адамдарды мемлекет есебінен оңалту. Ондай шаралар кәсіпорын банкрот болған жағдайда қолға алынады. Осылайша қазірдің өзінде  2 мыңға жуық адам оңалту қызметтерімен және техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
42 Пікір
Ж
Жанара 11.10.2022
Менинде сурагым осы. Жалгыз басты аналарга кандай комек бар?
Жауап беру
М
Мөлдір 04.12.2021
Егіз бала ауырып қалған жағдайда қанша жасқа дейін больниши төленеді
Жауап беру
Н
Нұрбибі 27.07.2021
Жалғыз басты аналарға қандай көмек бар айтып кетесізба
Жауап беру
Н
Нұрбибі 27.07.2021
Жалғыз басты аналарға қандай көмек бар айтып кетесізба
Жауап беру
Н
Нұрбибі 14.07.2021
Жалғыз басты аналарға қандай көмек бар айтып кетесізба
Жауап беру
Э
Эльмира 06.07.2021
Жалгыз басты аналарга кандай комек бар айтыпикетесизбе
Жауап беру
Н
Нүргүл 01.06.2021
Өте дұрыс шешім қолдаймын
Жауап беру
Н
Назым 30.05.2021
3 топ неге саналмаган бул дурыс емес әділдік жоқ әйтеуір
Жауап беру
А
Айнұр 29.05.2021
Қай айдан бастап беріледі?
Жауап беру
С
Сымбат 27.05.2021
3балам бар жолдасым ауырып жұмыс жасай алмайды.Больница ақша төлеу керек деп қарамайды.Өзім декреттегі анамың .Жолдасым аяқ астынан ауырып қалды.Бізде ешқандай кіріс жоқ
Жауап беру
Б
Бекзада 27.05.2021
3гр мугедек неге санамайды олар Адам емеспа????
Жауап беру
У
Умка 27.05.2021
Меным 3 балам бар куйеуым айына 80 мың алады калай ойлайсыздар казыргы кезд
Жауап беру
Ж
Жеңісгүл 27.05.2021
3баламыз бар квартирада тұрамыз бизге бөлінеме жалақы?
Жауап беру
Ж
Жанат 27.05.2021
2 баласы
Жауап беру
Б
Бақтыгул 27.05.2021
жолдасым бірінші топ мүгедегі күтушіге жәрдемақы алмаймыз берілсе жақсы болар еді
Жауап беру
Д
Дурия 27.05.2021
Қуаныштымын. Мен 1 топ инвалид балама қарап отырмын 20 жыл болды. Өздігінен ештеңе истеи алмаиды.мына жаңалықты естіп қуанып қалдым. Алла ырза болсын елбасы
Жауап беру
Г
Гулнар 26.05.2021
Жолдасым 1 топ , кутушииге жардемакы алмаймыз , кашан кушине енеди екен
Жауап беру
Г
Гулнар 26.05.2021
Жолдасым 1 топ мугедек , кутушиге алмайсыз ,бул зан кашан кушине енеди екен
Жауап беру
Л
Ляззат 26.05.2021
Әрине дұрыс себебі асыраушысынан айрылған мүгедек баланың ол жәрдемақыға сау балмен бірдей тең құқы бар осы мәселені мен эл.пошта арқылы екі жыл бұрын жолдаған еді м
Жауап беру
М
Мен зейнеткер анамын үш немерем бар келин декретте .улымын азғантай табысы осы үш балаға калаи жетет деп ойлайсыңдар неге бала басына жәрдем акы толенбеит 26.05.2021
Неге 1- 2 -3 -баласыбар ата аналарға комекберилмеиди миндетти түрде бала мүгедек болу керек па кымбатшылык мынау әр балаға биреу болсын екеу болсын укиметтен жәрдем акы болу керек әр баланың өз несибеси бар гои күн крориске азғантай айлыктары калаи жетеди.анасы бала үш жаска келгенше уиде отырады оны оздеринше билесиндер кашан көрсеңдер жәрдем акыны мүгедек терге ғана толеит сау балаға да төлеу керек кои үш жаска деин болсада Казакстанды турам деп аитуда уят тапканы шаи ауылына да жетпеи жаткан от басылар көп оны көрер пенде жокболсада
Жауап беру
Р
Рая 26.05.2021
Рая Менің әкем Ұлы Отан соғысының ардагері ,әкем дүниеден бұрын озып кеткен ,шешем ардагердің семьясы деген жеңілдік болады екен шешем ондац жеңілдік пайдаланбайды ,ауыл әкімшілігі сіз ол үшін соғыс кезінде үйленуіңіз керек ,кейінгі жыл есептелмейді делінген,осы жәйінда аз кем түсіндіре аласыздарма?
Жауап беру
Г
Гулдана 26.05.2021
Неге 42500жумыссыздык акшасын котермид онай Ди мекен осы куни. Оздери отрад кандердын астында кошеге шыгарип оздерине 42500тг берип жумыс жасад дидау. Сосын тусинер ед корермин жусыссыздык акшасын да. Отра берми
Жауап беру
Р
Рая 26.05.2021
Рая Менің әкем Ұлы Отан соғысының ардагері ,әкем дүниеден бұрын озып кеткен ,шешем ардагердің семьясы деген жеңілдік болады екен шешем ондац жеңілдік пайдаланбайды ,ауыл әкімшілігі сіз ол үшін соғыс кезінде үйленуіңіз керек ,кейінгі жыл есептелмейді делінген,осы жәйінда аз кем түсіндіре аласыздарма?
Жауап беру
E
Elemesova Guldana 26.05.2021
1 жаска дейн берилетин жардемакыны 2 жаска дейн созуды карастырсаныз жаксы болар еди.
Жауап беру
Г
Галия 26.05.2021
Мен торт балам бар брак еки баланыз камлетке толып кеткен деп коп балалар отбасына жатппйды деп даже статусын да Берген жок неге
Жауап беру
А
Алма 26.05.2021
Көп балалы аналарға берілетің жәрдемақыны көтерсе екен
Жауап беру
Ж
Жазира 26.05.2021
Менде асыраушысынан айрылған анамын, үш балам бар. Әкімшіліктен ешқандай жәрдем берілмейді... Кірісің жоғары деп...
Жауап беру
К
Көксегенова Г С 26.05.2021
Көп балалылардың жәрдемақысын көбеитсе екен, мына беріп жатқан көмек баланың 20паиыз ғана қажеттілігіне жетеді,
Жауап беру
М
Марал 26.05.2021
Жалғыз басты анаға да берілемекен
Жауап беру
Г
Гулмира 26.05.2021
Меным 4 балам бар улкеным 12жаста бала кунынен мугедек жолдасым кайтыс болды мен тек 3балама гана ука аламын улкеным бермиды и так укыметтен мугелыктыгы туралы акша аласыз деп Сонда ол балам мугедек болганын кыналыма неге бырдей бермиды
Жауап беру
Г
Гүлназ 26.05.2021
Жалғыз басты аналарға неге көңіл бөлмейді. Маған оңай емес, қызыма қарайтын адам жоқ. Бізге де көңіл бөлінсе екен
Жауап беру
Н
Наргиза 26.05.2021
иа сол жалгыз бастыларга да канлай комек бар екен. Бизге де онай емес. Еше акшиликке барсак комек бериндер деп . Даход асып кетеди немесе жетпейд. Жумыс истеу керек екен мен уш баламен кандай жумыс истеймин. Балага караймын ба или жумыс истеймин ба?
Жауап беру
Г
Гульзат 26.05.2021
3 балағада жәрдкмақы төленсе болады ғой.Мына заманда 1 адамның тапқан табысы жетпейді.3 баланы тастап анасыда жұмысқа шықса, бұл балалар қараусыз қалады ғой. Оқыс оқиға болмас үшін 3 баласы барларға да көмек беру қарастырылса екен..
Жауап беру
П
Пәрзия 26.05.2021
Ия қосыламын қазіргі кезде аналар ақша табамыз деп әкелермен бірге жумыс жасап бала кутімі бала тәрбиесі жаиында қалды соның бәрі қаржының жетіспеу салдары қосыламын пікіріңізге
Жауап беру
Қ
Қарлығаш 26.05.2021
Мен мугедек баламен уйдемын мен бақытты отбасына тіркелген мен очередте турғаныма 3 жыл болды соған қарайма
Жауап беру
А
Аида 26.05.2021
Қайын әпкем жолдасы қайтқан. Баласы мүгедек алады. Баласына тек мүгедектік төлейді. Алдағы уақытта әкесі жоғына да пособия төлене ме
Жауап беру
З
Замира 26.05.2021
Мүгедек бала бағушы аналарға тездетіп үй берілсе жаксы болар еді.
Жауап беру
А
Альфия 26.05.2021
Мен жумысқа шығалмай отырмын Енем мүгедек жүре алмайды өздігінен тамақ ише алмайды бизге ешқандай көмек жоқ сендер 2топ деп негізі 1топқа жатады
Жауап беру
А
Айгерім 26.05.2021
Менін 2кызым бар жумыссызбын асыраушысынан айырылган алатын акшам жетпейді кв турамыз 6ай болды аурып жатырмын жумыстан шыгарып тастады
Жауап беру
Ж
Жазира 26.05.2021
Мен де үш балам бар, күйеуім қайтыс болған, үкімет бізге ештеңе бермеңдер, бәрін ана дүниеге алып кетіңдер.
Жауап беру
П
Перизат 26.05.2021
3 балага жардем акы берилмиме мен уйде отырм 3 баламен куйеуим айлыгы 90 мын квартирада турамыз?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл