Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Қолға тиетіні аз": депутат еден жуушылардың жалақысын арттыру мәселесін көтерді

22.05.2021
1 мин
10
1815

Сенатор Нариман Төреғалиев мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсететін штаттан тыс қызметкерлердің жалақысын көтеру қажеттігін мәлімдеді.

"Соңғы екі жылда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің еңбекақысының өскенін білеміз. Алайда үкіметтің қаулысына сәйкес, еліміздегі мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсететін штаттан тыс қызметкерлердің жалақысы төмен деңгейде қалуда", - деді Төреғалиев сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда депутат бірнеше мысал келтірді. Оның айтуынша,  еңбек өтілі 25 жылдан жоғары іс қағаздарын жүргізуші барлық өтемақысын қосқанда айына 64 мың теңге алады.

"Төртінші разрядтағы көлік жүргізушісі – 60 мың, ал бірінші разрядтағы еден жуушы 54 мың теңге көлемінде айлық алады, ал қолға тиетіні одан да аз. Бұл ретте, осы санаттағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мақсатында құзыретті министрлік алдағы уақытта тиісті жұмыс атқарады деген ойдамыз", - деп атап көрсетті сенатор.

Бұдан бөлек, ол "Педагог мәртебесі туралы" заңның аясында ұстаздардың жағдайы түбегейлі өзгергенін жеткізді. Тура сондай жолмен дәрігер мамандарға да барынша қолдау көрсету қажет. Осы шаралардың маңыздылығы коронавирус пандемиясы кезінде артып отыр. 

"Сондай-ақ, осы игі мамандықтың мәртебесін көтеру мақсатында медицинаның үздік өкілдеріне "Қазақстанның құрметті дәрігері" атағын беру әділетті болар еді. Біздің ойымызша, осы маңызды саланың дәрігерден бастап санитарға дейінгі қызметкерлерін, ұзақ мерзімді қолдау шараларын қабылдауға әбден уақыт келді", - деді Төреғалиев.

Дереккөз: Sputnik.kz

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
10 Пікір
Н
Назым 15.01.2022
Менде қолдаймын көтер керек хатябы 100 мың бооса
Жауап беру
Н
Назым 15.01.2022
Неге көтермейді 54 мың ға не келеді бірмөшек ұн11 мың тұрады сұмдық қои бұл
Жауап беру
Б
Бағдат 23.05.2021
Еден жуушылардын жалақыларын көтеру керек 100% қолдаймын
Жауап беру
А
А изменится что либо, если даже написать???? 22.05.2021
Всегда говорят об этом, но факты и действия дают о себе знать об обратном действительности. Ни когда тех.персонал не получал выше 50 тысяч тенге. А они настоящие профессионалы своего дела, потому им приходится убираться и выщищать за кем то.... А им приходится убирать за теми же, людьми, которые даже не достойны даже уважения.
Жауап беру
З
Зарплата, что то интересное 22.05.2021
Всегда говорят об этом, но факты и действия дают о себе знать об обратном действительности. Ни когда тех персонал не получал выше 50 тысяч тенге
Жауап беру
Б
Багдат 22.05.2021
Тех персоналдын айлыгын көтеру керек қой барлығының айлыгы көтеріп еден жушылардын айлыгы сол куйы
Жауап беру
Г
Гүлжахан 22.05.2021
Жалақымызды көтерсе дұрыс болар еді
Жауап беру
М
Марта 22.05.2021
Ия техперсонал айлыктарын котерсе болар еди ен томен айлык аламыз
Жауап беру
Б
Белгісіз 22.05.2021
салеметсіздерме Бұл жерде ауылдық орындардағы мемелкеттік қызметкерлердіңде жалақысы жетісіп тұрған жоқ. жас маман 75000 тг 10-15жыл өтілі бар маман 96000 азер алады. осындай акшамен жұмыс істеп тұрған МСУ дың мәртебесі де төмен. барлық ауылдағы мекемелер ауылдық акиматка бағыну керек. ал олардың жалақысы төмен және жұмысы көп. жастар сол үшін де бұл жұмысқа қызықпайды. маман жетіспеушілік көп. Мем қызметкер деген аты таудай болғанымен ешкімде құрметтемейді. бәрі жейді деп сөгеді. несін жейді үкіметтің дүниесін кім жей алады. айлығы шайлығына жетпейді.
Жауап беру
Г
Гулзакира 22.05.2021
Тарбиеши комекшилерининде зарплатасын котерилсе екен.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл