Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қыркүйектен бастап оқытушылардың жалақысы өседі: министр бұйрыққа қол қойды
Жаңалықтар

Қыркүйектен бастап оқытушылардың жалақысы өседі: министр бұйрыққа қол қойды

16.08.2021
1 мин
7
1717

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап өседі, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді оқытушылар ай сайын кемінде 200 мың теңге жалақы алады. Аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында 400 мың теңге) алуға тиіс.

Штаттағы оқытушыларға минималды жалақы мөлшерін белгілеу туралы тиісті бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, деп хабарлады министрлік.

Осылайша оқытушылардың жалақысы өсті, олардың оқу жүктемесі керісінше төмендетіледі. Бір ставканың максималды көлемі бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды деп бекітілді. Бұл оқытушылардың ғылыми қызметпен айналысуына мүмкіндік беру үшін жасалып жатыр.

"Жоспарлы түрде оқытушылар үшін жайлы жағдай жасап, педагогтердің мәртебесі мен еңбекақысын арттырып жатырмыз. ЖОО оқытушыларының жалақысы да жоғарылайды. Осылайша жоғары оқу орындары тарапынан сапалы жұмысты, ал оқытушылардан оқу процесіне жауапкершілікпен қарауды талап етеміз", - деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айтуынша, енді әр университет жалақыдан бөлек басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, оқытушылардың белгілі бір жетістігі үшін қосымша ақы төлей алады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
7 Пікір
Г
Гаухар 17.08.2021
Мектеп мугалимдеринки де котерилеме?
Жауап беру
А
Айнаш 17.08.2021
Штаттағылардың жалақысы көтерілеме
Жауап беру
А
Айнаш 17.08.2021
Штаттағылардың жалақысы көтерілеме
Жауап беру
Г
Гулнара 17.08.2021
Балабақша тәрбиешілерінің ше
Жауап беру
М
Мара 17.08.2021
Кіші қызыиеткерлердің айлығын қашан көтереді
Жауап беру
К
Камила 17.08.2021
Кіші қызиеткерлердің жалақысы неге өсірмейсіздер. Олардың еңбектерінде бағалау керек қой. Азық түлік қымбаттауда.
Жауап беру
Е
Ерубаева Молдир 16.08.2021
Колледж оқытушыларына ше
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл