Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын жаулап жатыр
Жаңалықтар

Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын жаулап жатыр

02.12.2021
1 мин
0
894

Қазақстандық азаматтар қытай автокөліктерін көптеп сатып алып жатыр. Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің ең танымал 15 брендтің қатарына бірден екі қытайлық көлік кірген.

EnergyProm порталының мәліметінше, рейтинг көрсеткіші бойынша 10 орында тұрған Қазақстанда шығарылатын JAC машинасының жылына 2,2 мың данасы сатылса, 15-орында тұрған Haval көлігінің сәуір айынан бері 833-і өз иесін тапқан.

2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан Республикасының дилерлерімен 96,8 мың жеңіл және коммерциялық көлік сатылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға артық. Ең көп сатылған көліктердің қатарында Chevrolet – 25 мың, Hyundai – 19,4 мың және Toyota 11,4 мың маркалы машиналары тұр. Қытайлық брендтердің де автокөліктері жақсы өтуде, сатылған көліктердің бір жыл ішіндегі үлесі 2,1%-дан 3,1%-ға дейін өскен.

Желтоқсан айында Ресейде өзін танытып үлгерген қытайлық Chery брендінің Қазақстанда сатылымы басталады. Бұдан былай Қазақстан нарығындағы қытайлық автокөліктердің үлесі тек өседі деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанда 9,3 мыңға жуық жеңіл және коммерциялық көлік сатылған және бұл 2020 жылғы қазан айымен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Мұнымен қатар Еуропадағы автокөлік сатылымы 29,3%-ға төмендеді – бұл еуропалық нарық тарихындағы сәйкес айдағы ең нашар нәтиже болып отыр.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл