Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көктемнің екінші айында бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Білім саласында балалардың төртінші тоқсанды қалай оқитыны айтылса, бүгіннен бастап электр энергиясы 15%-ке қымбаттайды. Олай болса, сәуір айына жоспарланған шараларды назарларыңызға ұсынамыз.
Індеттің таралуына байланысты "жасыл" және "сары" аймақтағы мектеп оқушылары аралас форматта білім алады. Сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспауы керек.
Ал "қызыл" аймақта жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта оқушылар саны 25-тен аспауы тиіс. 9, 11 (12) сыныптар аптаның алты күні аралас форматта білім алады. Мектепте маска режимі, санитарлық талаптар мен арақашықтық қатаң сақталуы керек.
Республика бойынша:
Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында мектеп оқушылары қашықтан оқуды жалғастырады.
Балаларды мектепке қабылдау сәуір айында басталып, тамыз айына дейін жалғасады. Құжаттар egov.kz сайты арқылы қабылданады.
Балаларды 1-сыныпқа қабылдауға керек құжаттар тізімі:
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгереді. Бұған дейін БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен кем болмауы тиіс еді.
Ал 1 сәуірден бастап ай сайынғы төлем жаңаша есептеледі. Жаңа әдістеме бойынша бірінші жылдағы зейнетақы жинағының жалпы сомасын 6,5% мөлшерлемесіне көбейту керек. Келесі жылдары төлем мөлшері 5%-ке индексацияланады.
Мысал келтірейік. Зейнетақы жинағында 6 миллион теңге бар делік. Бір жылда сізге оның 6,5 пайызы беріледі, бұл - 390 мың теңге. Оны әр айға бөлсек, 32 500 теңгеден шығады. Ал келесі жылы ай сайынғы төлем 5%-ке артады, яғни, 34 125 теңге болады.
Бүгіннен бастап өткен жылға көлік салығын төлеу аяқталады.
"Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын 2020 жылғы салық Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ақпараты негізінде есептеледі", - делінген хабарламада.
Салық көлемін комитет сайтынан, egov.kz порталынан, банктер қосымшасынан білуге болады.
Тағы көру