| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысының Шамалған ауылында әйел адамға шабуыл жасалған оқиға әлеуметтік желіде тарады. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні анықтауға кірісті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ер адамның көшеде өтіп бара жатқан әйелге шабуыл жасаған сәті көрінеді. Кадрлардан әйелдің шабуылдан босап шығып, қашып кеткені байқалады.
Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, оқиғаға қатысты бейнебақылау камераларының жазбалары болғанымен, күдікті әзірге ұсталған жоқ.
Алматы облысы полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Құзырлы орган өкілдері күдіктіні анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.