Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шенеуніктерден 3,4 миллион теңге айыппұл өндірілді
Жаңалықтар

Шенеуніктерден 3,4 миллион теңге айыппұл өндірілді

18.05.2021
1 мин
0
786

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеуніктерден 3,4 миллион теңге айыппұл өндірді. 

Ақпарат бойынша, агенттік 102 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Шенеуніктер рұқсат беру мерзімдерін, тәртібін бұзғаны, сондай-ақ, оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін жазаланды.

Соттардың шешімі бойынша, 54 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың 12 және жергілікті атқарушы органдардың 42 қызметкері.

Әкімшілік жауапқа мына лауазымды тұлғалар тартылды:

  • Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы және
  • төрағасының орынбасары,
  • Әділет министрлігі департаментінің директоры,
  • Орталық мемлекеттік органдардың ведомство бөлімшелерінің 8 басшысы,
  • Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің облыстық басқармаларының (Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу) 3 басшысы,
  • Жамбыл облысы Қордай, Мойынқұм ауданының әкімдері,
  • 4 ауылдық округ әкімдері,
  • 23 жер қатынастары бөлімінің басшысы,
  • Сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің 5 басшысы,
  • Аудан әкімдіктерінің 2 лауазымды тұлғасы.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл