Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласында биыл фармацевтика саласында жаңа жоба ашу жоспарланған.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, нысан 2021 жылдың соңына дейін Тассай индустриалды аймағында пайдалануға беріледі. Медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін іске қосуға 500 млн теңге жұмсалмақ.
Фармацевтикалық жобаның қуаты 500 мың иммуноферменттік анализатор жиынтығы мен 70 млн инсулиндік инені шығарады. Жобаны іске қосу барысында 55 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Сондай-ақ биыл қалада 2,5 млрд теңгеге дәрілік және гигиеналық құралдар шығаратын зауыт іске қосылады. Жалпы, 2021 жылы химия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, білім беру, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен және басқа да салаларда 155 млрд теңгеге 46 жобаны іске асыру жоспарланған.