Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан – Қарағанды тасжолында блок бекеттер қойылғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Осыған қатысты әкімдік түсініктеме берді.
Stopfake.kz сайтының ақпаратына сәйкес, бүгін Қарағанды облысында карантин режимі қатаңдатылды. Десе де бұл шектеулер қалаға кіруге болмайды дегенді білдірмейді.
"Өңірде санитарлық бекеттер жұмыс істейтін болады. Жиыны 8 бекет бар. Бұл дегеніміз, қалаға кірер жолда медицина қызметкерлері мен полиция жұмыс істейді. Олар тексеріс шараларын жүргізеді. Соның ішінде сауалнама мен термометрия бар. Бұл блок бекеттер емес", – деді мамандар.
Сондай-ақ, санитарлық бекеттер Жезқазған, Приозерск, Ұлытау, Нұра, Бұқар Жырау, Қарқаралы аудандарында және екеуі Осакаров ауданында орнатылды. Бұл облыстардың карантинге жабылатындығы жайлы ақпарат жоқ.