Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев кредитін төлей алмай қалған тұрғындар мәселесін көтерді
Жаңалықтар

Тоқаев кредитін төлей алмай қалған тұрғындар мәселесін көтерді

20.11.2021
1 мин
8
1393

Биыл тұтынушылық кредит 32,8 процентке артқан. Несие алушылар 6,1 миллион адамға жетті. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаржы секторының өкілдерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қарыз жүктемесіне тиімді бақылау жасау қажет деді.

"Қазіргі уақытта 545 мың адамның қарызын өтеу мерзімінің кешеуілдеуі 90 күннен асқан. Мәселе еліміздің қаржы тұрақтылығына төнген тәуекел-қатерде ғана емес. Бұл көптеген азаматтарымыздың қаржы тапшылығымен бетпе-бет келгенін білдіреді. Бұл әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өтеу мерзімі 90 күннен асқан қарыздардың деңгейі банктердегі кредит портфелінің 4,3 процентін құрайды. Бұл – соңғы 13 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Президент осыдан қорытынды шығарып, жинаған тәжірибе негізінде жиі қайталанатын тәуекел-қатерлердің алдын алу шараларын күшейту қажет екеніне тоқталды.

Ол бүгінде қаржы секторының дәрменсіз банктерден арылғанын, ал сауықтыру аясында 6,6 триллион теңгеге жуық нашар кредит есептен шығарылғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы борышкерлерге қатысты қаржы нарығы қызметкерлерінің шектен шығу әрекеттеріне де тоқталды.

"Несие мекемелерінің басшыларына ішкі рәсімдерді күшейту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ жекелеген қызметкерлер мен сырттан тартылатын коллекторлардың қызметтерін асыра пайдалануға жол бермеу тетіктерін қарастыруды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев шағын және орта бизнесті несиелеу, оның ішінде ауылдардағы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту еліміздің қаржы секторының басты басымдығы болуы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының айтуынша, тұрақты және арзан қор жасау көздерінің жоқтығы микроқаржыландыру нарығындағы негізгі мәселенің бірі.

"Мұндай ұйымдардың қызметі екінші деңгейлі банктерден алынатын қарыз бен жеке қаражат есебінен қаржыландырылады. Нәтижесінде тұтынушылар үшін несиелердің құны жоғары болады. Сондықтан үкіметке агенттікпен бірлесіп, микроқаржы ұйымдарының қолжетімді әрі ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін пысықтауды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Банктер мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде экономиканы несиелеу бойынша зор әлеуетке ие болып отыр. Банк жүйесіндегі өтімділігі жоғары активтердің көлемі – 12,2 триллион теңге.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
8 Пікір
А
Айна 21.11.2021
Депутат министрлердің байлығын төмендетсін көп балалылардың ақшасын халықтың байлығын өмірін 2-3мың тенге қосып қойма
Жауап беру
А
Айсұлу 21.11.2021
Банктерді қаржыландыруды қойып, халықтың несиесін кешірсін! Олар итакта халықтың арқасын да байып отыр. Бешенный процентпен беріп несиені. Немесе пайызын бүукул банк төмендетсін. Халық бірге-бір төлеп отыр. Амал жоғынан алады балашағасына қажеттілігін, ешкім жетісіп отырған жоқ.
Жауап беру
Г
Гульмира 20.11.2021
Менде кредит ролей алмай отырмын.Кеширилсе екен. ТАМАГЫМЫЗГА ЗОРГА ТАУЫП ЖАТЫРК
Жауап беру
Л
Лаура 20.11.2021
Уйде 6 жанбыз, баримизде кредит бар, толенбей калганы екеу,пения процент коллектор косканы бар сотка откени бар бари толейалмайтындай болып Кетти,казакстанда журсен омир сонынадейн кредитпен алысып алысып олебересин,оз елиннен кетпеске амал калдырмайдыгой
Жауап беру
А
Аиткул 20.11.2021
6балам бар карыздарым несиелерін көп калаи толесемын деп ауру болдық жауып берсего укимет 1реттік көмек ретинде
Жауап беру
Б
Балхия 20.11.2021
Менде Толей алмай журмин,толейин десем 4 есе косып тастаган багасын,коллекторлар,сол коллекторларды дурыстаса
Жауап беру
Н
Нұрәділ 20.11.2021
Мен өзім kazatompromda жұмыс жасаймын созақ ауданында айлық 120мың .прадукта аласың отбасың бар ата анаң бар той тұмалақ өлім жетім бар кредитке жетпи қап жүр мен төлемегеніме 90 күндей болды күнде колекторлар звандайды әр қайсысы әр түрлі суманы айтады төлеңіз четтарыңзды жабамыз деп
Жауап беру
А
Алтын 20.11.2021
Көп балалы анамыз тамак кымбат квартплата бари қымбаттады .балдарга қыстық кимдер де қымбатаған.кредит өтеп берсе аз болсада .көмек болады го адамдарға .айлык аз тамак кымбат.дари дармек кымбат.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл