Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев тапсырма берді: кредитін төлей алмағандарға қандай жеңілдіктер жасалады?
Жаңалықтар

Тоқаев тапсырма берді: кредитін төлей алмағандарға қандай жеңілдіктер жасалады?

06.10.2021
1 мин
11
2767

Жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы трагедияға қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы бес бірдей адамды атып тастаған борышкердің әрекетін ақтауға болмайтынын баса айтты. Себебі ондай дау-дамайлар тек құқықтық тәртіппен ғана шешілуі қажет. Алайда Тоқаев трагедияға себеп болған негізгі мәселелерді жан-жақты зерделеп, қажет болса, заңға өзгеріс енгізуді тапсырды. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген сарапшылар кредит беру жүйесін қалай өзгерту керектігін айтты.

Әлеуметтік осал топтардың соңғы баспанасы сатылмайды

Алматыдағы трагедиядан кейін қоғамда соңғы баспананы тәркілеп алу мәселесі кеңінен талқылана бастады. Себебі бұған дейін талай рет қайғылы оқиғалар болған. Біреулер жалғыз үйін бергісі келмей, өз-өзін өртесе, енді біреулер терезеден секіріп көз жұмған. Алматы тұрғыны болса, үйден шықпаймын деп, бес бірдей адамды атып тастады.

Жақында Алматы әкімдігінің бастамасымен арнайы меморандум рәсімделді. Оған қаржы нарығын қадағалау агенттігі, банктер мен қоғамдық ұйымдар қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, ипотека алған әлеуметтік осал топтарды соңғы баспанасынан шығару және үйді сату шаралары тоқтатылады.

Қаржы нарығын дамыту және қадағалау агенттігінің бас маманы Дмитрий Ақмаевтың айтуынша, меморандум аясында банктер әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтардың соңғы үйін сатпай, проблемалық қарызды өтеудің басқа жолдарын іздейтін болады.

"Соның ішінде қарызды қайта құрылымдау мен қайта қаржыландыру тетіктері қарастырылған. Бәлкім, адамның төмен табысын ескере отырып, қарызды төлеудің жаңа кестесі жасалатын болар. Бұдан бөлек, төлемді кейінге шегеру, проценттік мөлшерлемені төмендету, айыппұлдар мен өсімақыларды жою және тағы басқа шаралар бар. Банк осының бәрін істей алады. Біз рұқсат беріп отырмыз", - деді Ақмаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Меморандумның мерзімі – 12 ай. Құжат Қазақстан бойынша қолданылады. Бірақ бұл жерде маңызды бір мәселені ескеру керек. Меморандум – бұл тараптардың өз еркімен қолға алған бастамасы. Ол келісімшартқа да жатпайды. Ал әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтардың соңғы баспанасын сатпау мәселесі заңмен реттелмеген.   

Банк ЦентрКредитті жеңген адвокат не дейді?

Жақында адвокат Джохар Өтебеков Банк ЦентрКредитпен соттасып, Қарағанды қаласында тұратын зағип жанның соңғы баспанасын алып қалды. Оның айтуынша, егде жастағы Елена Васильевна банкке 43 миллион теңге қарыз болып қалған. БЦК оны 26 миллион теңгеге сатып алыпты. Ал кейуана оған тағы 17 миллион қарыз болып шықты.

Сот орындаушысы көзі көрмейтін әйелге үйдің сатылатыны жайында WhatsApp-пен хабарлама ғана жіберген. Аукционға банктен басқа ешкім қатыспаған. Осылайша зағип жанның соңғы баспанасы арзанға сатылып кете берген.

Сотта банктің әрекеті заңсыз деп танылды. Аукционның күші жойылды. Ал мүгедек әйелдің жалғыз баспанасын қайтаруға шешім шығарылды. Сосын қаржы нарығын дамыту және қадағалау агенттігі БЦК-ға қатысты шара қолдануға тиіс.  

Авдокат Джохар Өтебеков алдымен кепілген қойылған мүлікті аукцион арқылы сату жүйесіне өзгеріс енгізу қажет деп санайды. Оның ойынша, сауда-саттыққа банктер, қарызды өндіріп алушылар және олармен байланысы бар адамдарды қатыстырмау қажет.

"Сосын аукцион арқылы сатылатын жылжымайтын мүліктің ең төменгі бағасы 50 проценттен 75-ке дейін көтерген дұрыс. Ал сауда-саттық туралы жарнаманы кеңінен тарату керек. Сонда бәсекелестік болады. Кепілде тұрған баспана тиімді бағаға сатылады", - деп атап өтті Өтебеков.

Заңгердің айтуынша, борышкердің кепілге қойған меншігін өз бетімен сату құқықтарын да кеңейткен жөн. Ол алдымен баспананы өзі сатып, қарызды жабуға тырысуы қажет. Оны істей алмаса ғана, аукцион өткізуге болады.

Халықтың табысын арттыру керек

Экономист Арман Байғанов адвокаттың пікірімен келісіп отыр. Шынымен де, кепілге қойылған мүліктің минималды бағасын көтеріп қойса, аукцион кезінде оны арзанға сатып жібере алмайды. Ал сауда-саттықтан түскен ақшаның есебінен қарызды толығымен жабуға мүмкіндік бар. Осы орайда сарапшы тағы бір мәселені көтерді. 

"Бізге жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қажет. Қазір қарыз болып қалған адамды банк мазалайды, артынан коллекторлар ізіне түседі. Ал жеке адам соттың шешімімен банкрот деп танылса, одан ақшаны талап етуге болмайды. Әрине, ондай шара борышкерді қиын жағдайдан шығару үшін қолданылады. Ол табысын реттеп алғаннан кейін қарызды қайтаруға міндетті", - деді Байғанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Экономистің айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы болса, барлық борышкер осы шараны жаппай қолдануы да мүмкін. Бірақ бұл жерде маңызды бір мәселені ұмытпау қажет. Жеке тұлға банкрот деп танылса, басқа банктен кредит ала алмайды. Жалпы, біраз қаржылық қызметтерден қағылады.  

Ал қаржыгер Расул Рысмамбетов кредитті беру тәртібін реттей бергенше халықтың табысын арттыру қажет дейді. Сонда проблемалық қарыздар да азаяды.

"Банктерді кінәлағаннан не пайда? Иә, олардың кінәсі де бар. Бірақ Алматыдағы оқиғаны былай қойғанда жалпы проблемалық қарыздар мәселесі бұрыннан бар ғой. Адамдар кредитті не үшін алады? Бизнесті дамытуға немесе кедей болғаннан кейін қарызға кіреді. Меніңше халықтың табысын арттыру мәселесін ойлау қажет. Ал кедей халық барда бір нәрсені реттегеннен пайда шықпайтын сияқты. Өйткені адамдар бәрібір кредит алады. Банкке бармаса да, микроқаржы ұйымдарына барады. Ал қарызды қайтару уақыты келгенде тағы ақшасы болмай қалады. Содан ұрлыққа барады. Бұның барлығы ақшаның болмауынан ғой", - дейді Рысмамбетов.

Тоқаевтың тапсырмасы

Жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кредиторлар мен борышкерлер арасындағы қарым-қатынасты, әсіресе, кепілген қойылған баспана мәселесін реттеуді тапсырды. Осы салада бірыңғай сот практикасы да болуы шарт.

Мемлекет басшысы үкімет, ұлттық банк, қаржы нарығын дамыту және қадағалау агенттігіне бір айдың ішінде тиісті ұсыныстарды әзірлеуге тапсырма берді. Сосын "қажет болған жағдайда" заңға өзгеріс енгізілуге тиіс.

"Ондай қажеттілік бар деп ойлаймын. Бірақ мамандар осы проблеманы тағы зерделеп шығуы қажет. Ал үкімет барлық өзгерісті мұқият қарап, қоғам талқысынан өткізуге тиіс. Осы түзетулер келесі жылдан бастап күшіне енуі шарт", - деді Тоқаев. 

Қаржы нарығын дамыту және қадағалау агенттігінің бас маманы Дмитрий Ақмаевтың айтуынша, президент тапсырмасы аясында арнайы заң жобасы әзірленуі керек.

"Президент тапсырма берді ғой. Ал мемлекет басшысының тапсырмасы орындалуы қажет. Сондықтан банктен кредит алатын адамдардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге арналған өзгерістердің саны көп болмаса да, бәрібір дайындалады. Соның негізінде заң жобасы әзірленеді", - деп түйіндеді Ақмаев.

Осы орайда агенттік өкілі әрбір заң жобасының алдымен "Ашық НҚА" порталына қоғамдық тақылауға шығарылатынын еске салды. Сол жерде кез келген адам өз ұсынысын қалдыра алады.


 

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8405 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
11 Пікір
К
Клара 07.10.2021
2006 да Альянс банктен 3 жылға кредит алдым,просрочка болды,сосын 1 жылға жеткізбей 3 бөліп , 11 ші айда төлеп тастадым.Квитанцияларым бар ,қарсы сотқа берсем де,жеңе алмадым, әлі жүрмін 243 мың болып кеткен гос.пошлинамен, шаш ал десең,бас алатындардың кесірінен....
Жауап беру
К
Куләш 07.10.2021
Кредит пайызы көп, кәсібіңді дамыта алмайсың. Дүние жүзілік нарық тез өсуде. Сен. болсаң пайыз төлеумен әуресің. Бұл халықтың, мелекеттің кедей болуына алып келеді
Жауап беру
Т
Тамара 07.10.2021
Жолдасымнын бирде бир кридити жок. Бирак черный спска киргизип койган Каспий банк. Шыгарсын не сумдык мынау. Маскарагой халыкты таза тонау мынау
Жауап беру
С
Сымбат 06.10.2021
Картамызды арестке қойып тастайды. Өзіміз қаржылай қиындыққа ұшырап жұмысқа кіріп енді бөліп төлейін десең картаға түскен айлықтың бәрін сыпырып алып отырады. Әсіресе Алматы ЧСИ Агит мырза айлығымды отпцскымды 370 мын тг бірден счеттан шешіп алып болды жартысы да кайтарылмайды деп дікеңдеп айқайлап дауыс көтеріп сөйлеп кабинетінен шығарғанынан міне гос жұмыста істей алмай стадымыз тоқтап тұр. Неге осы ЧСИ бергенде график қойып бермейді сразу. Аз аздан хотя бы. Бәрін жұтып отыра бермей. Адам жетіскенінен қарыз болмайды ғой. Жетпейді. Квартира толейсің декретте отырып қаласың. Осындай кезде толенбей қалған ақшаны енді жұмысқа шықтым ғой аздап толеп құтылайын десең бәрін жұтып зіркілдеп отырады. Осы проблема шешілсе біраз адам жұмыфна оралар еді
Жауап беру
07.10.2021
Дұрыс
Жауап беру
Р
Рщрщршаг 06.10.2021
Черный список шығарсын ешқайда жұмыс істей алмай калдық тапқаның бәрін алып алса еше кредит емес пайызын ғана төлесе халықты тонау құл қылу үшін істеп жатыр
Жауап беру
Г
Гулнар 06.10.2021
Жолдасым денсаулыгы сыр берип , мугедектикке калды , енди мугедектикке калгасын женилдик жасаса жаксы болар еди
Жауап беру
А
Айнур 06.10.2021
Кридитка көмектессе екен, квартирада тұрамыз 3балам бар . Үйге көмектессе екен қазақтардын бəрі квартирада, бар проблема осы қазаққтарда.
Жауап беру
С
Сыргабаева Арайлым 06.10.2021
Кредитімізді жапса екен. Жетіскеннен алмадық
Жауап беру
Н
Нурсулу 06.10.2021
Эпатека бар сосын уйге техника алганбыз толей алмай отырмын женилдиктер болса екен казир бари кымбаттап кетти
Жауап беру
Д
Дона 06.10.2021
Кредитті жетіскеннен алмаймыз әрине жоқ болғасын алдық, қазір жұмыссыз үйде отырмын төлей алмай жатырмын. Бір жеңілдігі болар мекен?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл