Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркияға көмекке бір топ қазақстандық аттанды
Жаңалықтар

Түркияға көмекке бір топ қазақстандық аттанды

07.02.2023
1 мин
0
1157

Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер Түркияға көмекке аттанды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Құлшымбаев айтып берді.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгін таңертең Түркия Республикасының орталық бөлігінде бірқатар жер сілкінісі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Қазір ТЖ министрлігінің құтқарушылары «Бүркіт» әуе компаниясының ұшағына мініп, Астанадан Алматыға барады. Алматыда министрліктің күш-құралы толығымен Түркияға аттанады», - деді Ибрагим Құлшымбаев «Жібек жолы» телеарнасының тікелей эфирінде.

Спикердің айтуынша, Түркияға республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары бара жатыр, олардың көпшілігінде халықаралық құтқарушы санаты бар. Сондай-ақ, «Апат медицинасы» орталығының медицина қызметкерлерін қосқанда, жалпы 41 адам Түркияға ұшады.

«Өзімізбен бірге апаттық-құтқару автокөліктерін, медициналық жабдықтарды, пневмо-модульдік шатырлар, гидравликалық құтқару құралдарын алдық. Оған қоса, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы кинологиялық тобы қызметтік иттерді алып барады. Түркияға жеткен соң тағы да байланысқа шығып, жағдайды баяндаймыз», - деді бірінші вице-министр.

Фото: ашық дерекөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл