Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркияға қашып кеткен қазақстандық елге жеткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерполының қызметкерлері Түркияда қашып жүрген қазақстандықты экстрадициялады. Күдікті қазан айында Түркияның Анталия қаласында ұсталған. Ол психотроптық заттарды заңсыз сақтап, аса ірі көлемде сату мақсатында дайындағаны үшін айыпталып отыр.
2022 жылы Астанада жүргізілген жедел іздестіру шаралары кезінде күдіктіден 17 қапшық меткатинон тәркіленген. Одан кейін ол қашып, халықаралық іздеу жарияланған. Қазіргі таңда күдікті экстрадицияланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.
Күдіктіге 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.