Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрмысы төмен отбасылар үшін азық-түлік қорын құру ұсынылды
Жаңалықтар

Тұрмысы төмен отбасылар үшін азық-түлік қорын құру ұсынылды

17.09.2020
1 мин
13
2228

Сенат депутаттары тұрмысы төмен қазақстандықтар үшін азық-түлік тауарлары қорын қалыптастыру қажет деп есептейді. Бұл туралы сенатор Ақылбек Күрішбаев премьер-министр мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымына жолдаған депутаттық сауалында айтты. 

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда азаматтардың қаражаты тек азық-түлікке жұмсалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың өмір сүру деңгейі төмендеп бара жатыр.

Біріншіден, сауда орталықтарын таңдау принципі түсініксіз. Ол жеңілдетілген кредит неге кейбір таңдаулыларға ғана берілетінін сұрады.

Екіншіден, депутаттың айтуынша, азық-түлік бағасының елеулі құбылуы кезінде оның ең төменгі шегін алдын ала болжау өте қиын. Өйткені, ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасы маусым бойынша ғана емес, жыл сайын өзгеріп отырады.

Оған қоса, азық-түліктің ағымдағы бағасын анықтайтын мониторинг жүйесінде де біраз дәлсіздік бар, деп санайды сенатор.

"Сондықтан бұл жобада сауда орталықтары үшін алдын ала белгіленген бағалардың дұрыстығы күмән тудырады. Төртіншіден, бұл схемада сауда орталықтары тек отандық ауылшаруашылығы тауарларын алуға міндеттелмеген. Басқаша айтқанда, қазақстандық фермерлер өз өнімін өткізе алмай жүргенде, бюджет қаражаты шетелдік өндірушілерді қаржыландыруға жұмсалып жатыр", - деп ашуланды Күрішбаев.

Сенат депутаты тұрақтандыру қорларының тиімділігіне күмән келтірді. Себебі онда сыбайлас жемқорлық көріністері басым, деп жалғастырды ол.

"Менің ойымша, бұл мәселемен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шындап айналысуы керек. Осы жұмыстың қоғам үшін ерекше маңыздылығын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағасын тұрақтандыру тұжырымдамасын түбегейлі өзгерту керек деп санаймын", - деді халық қалаулысы.

Депутаттар бағаны реттеу жөніндегі мемлекеттік шаралар барлық тұрғынға  пайдалы болуы үшін осы қорға сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін ұлғайту қажет деп есептейді.

"Егер аталған мақсаттарға бюджет қаражатын көбейту мүмкіндігі болмаса, ақшаны бұлай шашпай, тікелей тұрмысы төмен отбасылар санатын қолдауға көшкен дұрыс. Ол үшін халықтың тұрмысы нашар топтарына арнап, әлеуметтік азық-түлік тауарларынан қор қалыптастыру қажет", - деді Күрішбаев.

Айтуынша, азық-түлікті сатып алу және оларды сақтау, тасымалдау, өткізу жөніндегі қызметтерді фьючерстік келісімшартпен конкурстық негізде тек отандық тауар өндірушілермен жасау қажет. Бұл мақсаттарға ұзақ және жеңілдетілген бюджеттік несиелерді қарастыру тиімді.

Сенатордың пікірінше, мұндай тәсіл бюджет ақшасын пайдаланудың тиімділігін арттырып қана қоймай, бірінші кезекте, мұқтаж халықтың нақты топтарын атаулы түрде қолдауға мүмкіндік береді.

 

Дереккөз: Sputniknews.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
13 Пікір
А
Актолкын 18.09.2020
Жалгызбасты 2 баланын анасымын патер жалдап турамын мен азык туликке комек ала аламынба
Жауап беру
И
Ибрашова Макпал 18.09.2020
Мен коп балалы анамын Алланын берген 5балам бар АСП алмаймын, квартирада турасын, жолдасым частный да жумыс жасайды айлыгы жетпейди, кредитымыз бар бизге комек керек
Жауап беру
С
Сариева Жазира Сериковна 18.09.2020
Менде мүгедектік жоқ бірақ аяғым сынған жұмыс жасауға жарамаимын көшеде кележатып жүреалмаиқаламын ауыр көтереде алмаимын 18 толды үлкенім үкіметтен біртиын көмек алалмаимын не карантин уақытындада әділетсіз өкімет 42500төилемеді мұқтаж болсамда осылаи болыптұр меніде азқамтылған тізімге қосуға кімге аитамын
Жауап беру
А
Аманкул 17.09.2020
Менің 4балам бар кредитим бар төленбеген қара тізімге кіргем жолдасым денсаулығын байланысты уиде уақытша отыр пасовиям тамақтан ауыспаиды дачяда тұрамын әлі нөмірде алмадым маған кішкене көмек берсеніздер
Жауап беру
А
Акбота 17.09.2020
Мен еки кызым бар. Кеум жок ажырасып кеткем. Бир озим жумыс жасайм. Бир комектернизди сураймын.
Жауап беру
Г
Гүлнұр 17.09.2020
5 балам бар.куйеуімнің тапқан 40000ы квартплатаға кетед.5баланың пособиясы тамаққа әзеер жетед.кредит чёрный спискаға кеттік.төлей алмай отрмыз.өзім аяғым ауыр жұмысқа жарамайм.балдардың келешегін уайымдайм.
Жауап беру
Д
Дурыс аитат, казир күн көру қиындап кети, киеуим базарда сатушы болып истид тапқаны бари тамагымызга зорга жетеди, кредите колектрге отип кеткен 17.09.2020
Киеуим базарда сатушы болып истид, тапқаны ешнарсе ге.жетпид кредита колекторга отип кеткен
Жауап беру
Г
Гүлжанат 17.09.2020
Үш баламыз бар. Күйеуім таксист тапқаны жетпейді. Кредиттеріміз бар черныйда
Жауап беру
Ж
Жаркынай 17.09.2020
Куйеуимнин айлыгы 42500 5 бала шагам бар жетпейди
Жауап беру
У
Умит 17.09.2020
Казир жұмыссызбын , Куйеуим айлыгы 50 мын еш нарсеге жетпейді
Жауап беру
Б
Баян 17.09.2020
Жолдасымнын айлыгы 60мын еш жетпейді
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл