Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкімет азық-түліктің қымбаттамауы үшін не істеп жатыр
Жаңалықтар

Үкімет азық-түліктің қымбаттамауы үшін не істеп жатыр

03.10.2021
1 мин
0
739

Премьер-министр Асқар Мамин орталық мемлекеттік органдар басшылары және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,6%-ке өсті. Өткен аптада бағаның 0,1 пайыздық тармаққа төмендегені байқалды.

Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тауарлардың азық-түлік тобының жалпы инфляцияға үлесін азайтты. Сонымен қатар ең көп өсім Батыс Қазақстан (0,3%) және Солтүстік Қазақстан (0,2%) облыстарында тіркелді.

"Тауар өндірушілерден сауда желілеріне және тұрақтандыру қорына тауарлар ағынын қамтамасыз ету мақсатында үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайн өткізуді және сатып алуды қамтамасыз ететін B2B платформасын енгізді", - деп атап өтті премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Аталған платформа тауар өндірушілер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арасында нарықтық ережелер бойынша онлайн сауда-саттық жасауға мүмкіндік береді. Биржалық сауда қағидаты енгізілген, қатысушылар баға, сапа, жөнелту және жеткізу мерзімдері, төлем шарттары туралы келісе алады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны төмендету туралы 68 хабарлама, монополияға қарсы заңнама бұзушылықтарын жою туралы 20 ұйғарым шығарды, 8 тергеу тағайындады, монополияға қарсы комплаенстің 88 актісін жасады.

Нұр-Сұлтан қаласында, Қостанай, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті сауда үстемесін асырған 35 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің сауда үстемесін арттыру фактілеріне жедел ден қою шараларын қабылдау қажет екені ескертілді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл