Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк қазақстандықтарға телефон арқылы алаяқтың жаңа түрі қарқын алып жатқанын ескертті.
Хабарланғандай, алаяқтар өздерін Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, қаражатты ұрлау мақсатында жеке мәліметтерді ұрлаған.
"Телефонмен сөйлесу кезінде олар банктік шоттардың нөмірлері мен несиелердің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге, "техникалық мониторинг" мақсатында олардан төлқұжат деректерін, атап айтқанда ЖСН көрсетуді сұрайды. Алаяқтар шот ашу немесе несие беру және үшінші тұлғалардың шоттарына тестілік режимде ақша аудару деген сияқты тіркестер қолданылған", - делінген хабарламада.
Ұлттық Банк сондай-ақ ақша жіберу немесе күдікті транзакцияларды жүргізу туралы өтінішпен электрондық хаттар мен жасырын телефон қоңырауларына мән бермеуді ұсынады.
"Белгісіз банктік шоттардың деректемелерін қамтитын ақша алудың күтпеген мүмкіндігі туралы хабарламалар немесе қоңыраулар көп жағдайда алаяқтық әрекеттерді көрсетеді", - деп толықтырды банк.
"Ұлттық банктен" ақша қаражатын жіберу туралы өтінішпен күдікті хаттар немесе қоңыраулар түскен жағдайда, Ұлттық банкке дереу құқық қорғау органдарына хабарласу ұсынылды.