Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу: Тоқаев заңға қол қойды
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу: Тоқаев заңға қол қойды

02.01.2021
1 мин
9
2344

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
 
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Cарбасов ОКҚ онлайн-брифингінде Мемлекет басшысының азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат емдеуге төлеуге немесе жеке қаржы компаниялары басқаруы үшін беруге пайдалану мүмкіндігін беру жөніндегі тапсырмасы орындалып жатқанын хабарлаған болатын.

Вице-министр зейнетақы жинағанынан ақшаның бөлігін мерзімінен бұрын алудың механизмі қаңтарда дайын болатынын атап өткен.

"Үкімет зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі өкілетті операторды айқындайды. Бірінші кезеңде "Отбасы банк" ұсынылады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту, қымбат емдуледі төлеу үшін зейнетақы төлемдерін төлеудің қағидаларын бейінді министрліктер әзірлейді және бекітеді. Олар - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі. Қаңтарда заңды іске асыруға қажет барлық нормативтік-құқықтық актілер қабылданады деп күтудеміз және біз азаматтарға зейнетақы жинағының бөлігін шешіп алуға болатын құқығын ұсынудың толық механизмін бастаймыз", - деді вице-министр.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
9 Пікір
М
Макпал 02.01.2021
Менде 30 жыл стаж бар жиналған ақша 1 млн 700 мың мен ала алмайм өйткені шартқа келмейді жиналған қор аз мен сиякты талай адам бар сонда кімдер ала алады?
Жауап беру
А
Айдос 02.01.2021
Зейнетақыдан ақша алып, үйге 2-бөлме қосуға болады ма екен? Екі бөлмеде, 4- балам, әйелім екеуміз. Екі бөлме қосу үшін алар едім
Жауап беру
Т
Тулеушов Маргулан 02.01.2021
Зинетақы ақшасын алу
Жауап беру
А
Алтын 02.01.2021
Зейнетақы қорындағы ақшаны беру шарттар кейбір адамдар үшін өте тиімсіз.өйткені біреулердің қордағы ақшасы жеткіліксіз, мысалы мен өзім жасым 55 болсса да бар жоғы 3000000 жинагым бар. Ал ол ақшаны маған бермейді себебі шартқа сай емес. Ал оны ала алсам үйалу үшін бастапқы төлем жасаар едім
Жауап беру
Б
Берекет 02.01.2021
Зейнетақы қорынан акшаны алып оган тұрғын уй алуга болама?
Жауап беру
А
Айнагуль 02.01.2021
Салематсыз ба, зейнетақыны алғаннан кейін біздің зейнетке шыққанда беретін зейнетақысы азаяды деген шын ба?
Жауап беру
Ж
Жанар 02.01.2021
Распаа
Жауап беру
Ж
Жанар 02.01.2021
Кредити бар адамдар,ала -алмайды деген расположен?
Жауап беру
К
Камшат 02.01.2021
Ол отирик ала алады жумысы туракты кредит толенип турса бередиго артык акшанды максатты паидаланасызго
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл