Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатты білім алу үшін пайдалана алмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.
Оның айтуынша, бұл мәселе бір жыл бойы талқыда болған. Десе де, зейнетақы қорындағы қаражатты білім алу бағытында қолдану қарастырылмайды.
"Зейнетақы жинағын алу арқылы осы қызметті көрсетудің маңыздылығын ескере отырып, білім беру мәселесі қолдау таппады және бүгінгі күні қарастырылмайды", - деді Сарбасов.
Сондай-ақ, вице-министр қазіргі кезде мемлекет тарапынан бөлінетін білім гранттарының саны жоғары екенін атап өтті.
⠀