Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай 100 теңгелік монета айналымға шығады
Жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай 100 теңгелік монета айналымға шығады

30.09.2021
1 мин
2
971

Ұлттық банк номиналы 100 теңгелік JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монетасын айналымға шығарады. Биыл ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толды. Монетаның аверсінде орталық бөлігінде Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар. Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі, орталығында – «Артықша туған азамат» өлеңінің бірнеше жолы орналастырылған. Оң жағында ою-өрнек үзінділерінен жасалған домбыра контурының айшықты бейнесі мен мерейтой датасын білдіретін «175 JYL» жазуы орналасқан.

Монетаны айналдыра JAMBYL және QAZAQ HALYQ AQYNY жазулары, ал төменгі жағында дайындалған жылын білдіретін «2021» жазуы бар. JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан, номиналы 100 теңгелік, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм., дайындау сапасы brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана болып дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монетаны Қазақстанда өз құнымен төлем жасауға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

 

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15297 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл