Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Жаңа ұрпақ" бейнероликтер топтамасы құрастырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Жаңа ұрпақ» бейнероликтер топтамасы жастарға сыбайлас жемқорлықтың зардаптары мен құқықтық мәдениеттің маңыздылығы туралы түсінік беруді көздейді. Бейнероликтерде нақты жағдайлар мен мысалдар арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау, жауапкершілікті арттыру және қоғамдағы әділдік қағидаттарын насихаттау басты назарға алынады.
Жобаның мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық білімдерін кеңейту және интернет алаяқтарының әрекеттерінен сақтандыру. Бейнероликтер қоғамда белсенді азаматтық позицияны қалыптастыруға, жастарды құқықтық сауаттылыққа шақыруға бағытталған.
Сонымен қатар, бейнероликтер әлеуметтік желілерде және оқу орындарында белсенді түрде таралып, жастардың назарын аудару арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді. "Жаңа ұрпақ" жобасы аясында ұйымдастырылатын семинарлар мен тренингтер жастарды сыбайлас жемқорлықпен күресуге, құқықтарын қорғауға және жауапкершілікті сезінуге үйретеді.
Бейнероликтер топтамасы жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділігін арттыру мен құқықтық білім деңгейін көтеруге арналған маңызды қадам. Бейнероликтермен «Ой бренд» қоғамдық қорының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан танысуға болады.
Жоба Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ грантты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.