Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа заң жобасы: Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынбақ
Жаңалықтар

Жаңа заң жобасы: Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынбақ

24.10.2021
1 мин
0
955

Елімізде ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған баспананы жеке атқарушылық іс жүргізуден тыс өндіріп алуға тыйым салынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасованың жауабында айтылған. Оның айтуынша, заңнамалық түзетулерді Әділет министрлігі енгізбек. 

“Қазіргі уақытта кепіл мүлкін, оның ішінде жылжымайтын мүлікті сату рәсімдері жылжымайтын мүлік ипотекасы және атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және ҚР Азаматтық процестік кодексімен регламенттелген. Кепіл мүлкін өткізудің қолданыстағы практикасына жүргізілген талдау өткізу рәсіміне және сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын қазіргі талаптар аукционның ашықтығын және өткізілетін мүлікке баға белгілеудің объективтілігін қамтамасыз етпейтінін көрсетті", – дейді Әбілқасова.

Бұған қоса, ол әзірленетін заң жобасының аясында азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша мынадай қосымша іс-шаралар көзделген:

  • мүлікті кепіл берушінің үш айлық мерзімінде өз бетімен өткізуін кепіл мүлкін сот арқылы және соттан тыс өткізу аясында міндетті рәсім ету, өткізу құнының шегін кемінде 75 пайыз және бағалау күнінен 6 айдан аса уақыт өтпеген кепілдің бағалау құнының 100 пайызынан артық болмайтындай етіп белгілеу;
  • атқарушылық іс жүргізу аясында тұрғын үй жылжымайтын мүлкін сатуды төмендетудің шекті өлшемін бағалау құнының 75 пайызынан кем болмайтындай етіп белгілеу;
  • кепілде тұрған жылжымайтын мүлікті сот арқылы немесе соттан тыс өткізу аясында оның ішінде кредиторға, оның қызметкерлеріне және үлестес тұлғаларына; егер сауда-саттықтың екінші қатысушысы оның жақын туысы, зайыбы (жұбайы) болса жеке тұлғаның сауда-саттыққа қатысуына тыйым салу;
  • ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған тұрғын үйді жеке атқарушылық іс жүргізуден тыс кепіл ұстаушылардың немесе сот орындаушыларының өтініштері бойынша өндіріп алу мүмкіндігін болдырмау;
  • бағалаушылардың біліктілігі мен жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту;
  • жеке тұлғаның баспанасымен қамтамасыз етілген ипотекалық қарыздар бойынша кепіл құнына қатысты берешектің мардымсыздығын айқындау шегін ұлғайту.

Қазіргі таңда ҚР Әділет министрлігі тиісті түзетулерді одан әрі осы жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу үшін 2021 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне енгізген.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл