Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен мыңнан аса адам қамауда отыр
Жаңалықтар

Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен мыңнан аса адам қамауда отыр

18.01.2022
1 мин
1
532

Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысы бар күдікпен мыңнан аса адам қамауда отыр. Бұл туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Соттар осы оқиғалармен байланысты барлығы 8 354 әкімшілік іс қарады. Соттар мен прокурорлар жеңілдететін мән-жайлар мен кінәлі адамдардың өкінуін ескеріп жатыр. 3 337 құқықбұзушыға қамаққа алу немесе айыппұл түрінде жаза қолданылмай, ескерту ғана жасалды. 1 653 іс бойынша сот айыппұл салды. 1 002 адам қамақта отыр, олардың әкімшілік жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сотқа 1 758 өтінішхаттар енгізді", - деді Азамат Сарғазин.

Айтуынша, қазір прокурорлар өтініші бойынша 676 адам қамақтан босатылды. 344 адамның айыппұлы ескертуге ауыстырылды.

"Прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған 738 өтінішхаты қаралып жатыр. Бұдан бөлек, тағы 358 әкімшілік іс материалдары сотқа жіберілмей тоқтатылды. Сотпен әкімшілік қамаққа алынған адамның көпшілігі босатылды. Қалған істер бойынша жұмыс жалғасып жатыр", - деді Серғазин.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
А
Асель 18.01.2022
Жайдан жай видео түсіргені үшін отыр го ағамыз. Ондада оны көшеде соткасын қарап. Не видео деп уакытша камауда отыр.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл