Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«7-20-25» бағдарламасында қандай мәселелер бар?
Баспанаға бағыт

«7-20-25» бағдарламасында қандай мәселелер бар?

16.03.2023
2 мин
2
1826

Жуырда Астанада қоғам белсендісі, экономист және танымал блогер Дәулет Мұқаевтың жетекшілігімен «Халық ипотекасын қайтарайық!» атты брифинг өтті. Онда «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының қолжетімділігін арттыру мақсатында ҚР Ұлттық Банкіне талаптар қою тақырыбы көтерілді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шара аясында Ұлттық Банк тұрғын үй бағдарламасын 2029 жылға дейін ұзартуды ресми түрде орындайтыны атап өтілді. Бағдарламаның мәні – әрбір қазақстандық отбасының тиімді шарттармен пәтер алуына қолайлы жағдай жасау. Алайда, бүгінде қаржыландыру тапшылығына байланысты баспаналы болу үшін адамдар кез келген несиені алуға мәжбүр.

«Біз Ұлттық банктен осы кездесуге өкілдерінің қатысуын сұрадық. Алайда, олар бұл мәселе бойынша тікелей талқылауға қатысқылары келмейді. Міне, сондықтанда сұрақтарымызға жауап ала алмаймыз. Бізде бюджетті сақтай отырып, ағымдағы инфляциялық процестерге байланысты бағдарламаның мерзімін 2026 жылға дейін қысқарту туралы ұсыныс болған еді. Бұл көптеген азаматтардың әлеуметтік ипотеканы тезірек пайдалануына мүмкіндік бермек», – деді Дәулет Мұқаев.

Дәулет Мұқаевтың сөзінше, биылғы жылы қаржыландырудың қысқаруы «7-20-25»-ті халыққа тиімді емес, керісінше әбігерге салатын бағдарламаға айналдырған.

«Адамдар таңғы сағат 4-тен бастап банкке кезекте тұрып, мардымды жауапсыз қайтады. Ал екінші деңгейлі банктер өтінімдерді қабылдау және кредиттер беру мерзімдері туралы хабардар етпейді. Халық әлеуметтік желілерде осы мәселе төңірегінде үнемі наразылықтарын білдіреді», - деді қоғам белсендісі.

Оның айтуынша, 2023 жылдың 2 наурызындағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасына бөлінген 1 трлн теңгенің 895 млрд. теңгесі жұмсалып, тек 105 млрд. теңгесі қалған. Өткен жылдың аяғында Ұлттық Банк 2023 жылы қосымша 100 млрд теңге бөлінгенін хабарлап, бағдарламаның ойдағыдай жұмыс істейтіндігіне келтірген. Десе де, бүгінде Қазақстан бойынша «7-20-25» бағдарламасымен бірде-бір банк несие бермейтіні анықталып отыр.

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруда көптеген мәселелер мен кемшіліктер бар. Бірінші кезекте, оны қаржыландыруға қаражат тоқсан бойынша бөліне бастады. Бұл дегеніміз, екінші деңгейлі банктердің үш айда бір рет, яғни ең көбі 25 миллиард теңгеге үміткер бола алуында. Ал бұл ақша шамамен 1,5 мың бір бөлмелі пәтерге ғана жетеді», - деді баспана бойынша тәуелсіз сарапшы Ұлан Дәулетқали.

Бастамашыл төп өкілдері көтерген мәселелерді бағдарламаны іске асырушылармен, Ұлттық банк басшылығымен, Парламент депутаттарымен және Үкімет мүшелерімен кездесулер арқылы талқыламақ. Топ жетекшісі Дәулет Мұқаев ипотекалық мәселені жақсартуды көздейтіндерді халықтық бастамаға қосылуға шақырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Айганым Нұрахметова 08.04.2023
7 сәуір күні 7-20-25 бағдарламасы бойынша одобрение алдық. Бірақ 2 күннен кейін банктан хабарласып сіз тізімде жоқсыз, егер біреу отказ берсе сізге хабарласамыз деді. Одобрение алдыңыз за вами транж тіркелді деді гой. Қалай бұлай?
Жауап беру
Ж
Жазира 17.03.2023
Арзандатса болады осымен уй алсақ өмір бойы төлеп өтетін сиятығой
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл