Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қырғызстанда 29 баланы қаққан жүк көлігінің иесі ұсталды
Жаңалықтар

Қырғызстанда 29 баланы қаққан жүк көлігінің иесі ұсталды

03.05.2024
1 мин
0
2004
Фото: Видеодан скрин

Қырғызстанның Созақ ауданындағы оқушыларды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы елдің ІІМ хабарлады, деп хабарлады Кабар агенттігі.

Ведомство басшысының орынбасары Октябрь Урманбетов оқиға болған аймаққа келіп, жағдайды өз бақылауына алды.

Бұл іс Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтің де бақылауында.

«Көлік бортында балаларға балмұздақ таратылуы тиіс болған. Жүргізушінің сөзінше, ол көлігін іс-шара өткен жерден жоғарырақ аумаққа қойған. Көлік қалай төмен қарай жүріп кетіп, балаларды басып өткені беймәлім», - дейді құқыққорғау органдары.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша,  зардап шеккендер саны 25-тен 32 балаға дейін өсті.

Ауруханадағы 9 баланың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр. Аурухана меңгерушісі Қыпшақбай Тоқтарбаевтың журналистерге хабарлауынша, зардап шеккендердің екеуінде бас-ми жарақаты, біреуінде ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің түбінің сынуы, ал біреуінде қабырға асты сүйегінің экструзияланған сынығы бар. Көкбауыр жарылған екі балаға ота жасалды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл