Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл мектеп түлектерінің соңғы қоңырауы өте ме
Жаңалықтар

Биыл мектеп түлектерінің соңғы қоңырауы өте ме

26.04.2024
1 мин
0
1752
Фото: uralskweek.kz

Биыл 3,8 млн-нан астам оқушы оқу жылын аяқтайды, оның 186 мыңы – мектеп түлегі. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасына қатысты түсініктеме берді.

«Өңірлердегі су тасқыны жағдайына және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектепте 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды», - деді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

Хабарламада айтылғандай, биыл оқу жылы 34 апта, оқу 25 мамырда аяқталады. Сондай-ақ, министрліктен 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және «Алтын белгімен» марапаттау рәсімі барлық емтихан аяқталғаннан кейін (12-15 маусым) өтетіні айтылды.

«9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен көше аралауға тыйым салынады», - деді ведомстводан.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл