Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен
Жаңалықтар

Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен

26.04.2024
1 мин
0
598
Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен үлескерлердің ақшасын жымқыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды, деп хабарлайды dauletten.kz, облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген», - делінген хабарламада.

ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу)қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды.

Тергеу барысы облыс прокуроры Х.Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл