Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!

«БАЛА-ШАҒАМЕН АУЫЛҒА» жобасы

«Dauletten» қайырымдылық қорының маусым айындағы Қайырымды жұма акциясы аясында «БАЛА-ШАҒАМЕН АУЫЛҒА» жобасы бастау алды. Жоба аясында 5 отбасыны қаладан ауылға көшіру жоспарланған.

Қор тарапынан жоба қатысушыларына:

  • Ауылдан үй алынады;
  • 2 сиыр және 2 бұзау беріледі;
  • 1 жыл көлемінде 42500 теңге төленіп отырады;
  • Ауылға 10 ағаш ексе, бір реттік 50 000 теңге төленеді;
  • Ауылда бір жыл ішінде бала дүниеге әкелсе, бір реттік 200 000 теңге беріледі;
  • Кәсіп ашса, Дәулет Төлеутайұлының Instagram парақшасында тегін жарнама мүмкіндігі;
  • Көшкен ауылда 3 жыл тұратын болса, үй атына аударылады. Оған дейін баспана қордың жеке меншігінде болады.

Егер жоба сәтті жүзеге асып жатса, қыркүйек айында тағы 5 отбасыны сол ауылға қоныстандыру жоспарда бар. Жоба Дәулет Төлеутайұлының ҚАЙЫРЫМДЫ ОҚЫРМАНДАРЫ арқасында жүзеге асады.

Дәулеттің оқырмандары - Қайырымдылықтың нағыз бренді!

«БАЛА-ШАҒАМЕН АУЫЛҒА» жобасына өтінім беру аяқталды.

1-7 маусым аралығында барлығы 4911 өтінім келіп түсті.

8-20 маусым аралығында барлық өтінім тексеріліп, ішінен 5 отбасы іріктелініп алынады.