«Баспанаға бағыт» айдары үйлі болуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардың басталуы туралы хабарлап, бағдарлама шарттарымен таныстырады. Баспана тақырыбы еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі. Әр азаматтың өз үйіне қол жеткізуі – жаңа, жақсы өмірдің бастамасы. Еліміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі әр азаматты қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет тарапынан тұрғын үй мәселелері бойынша көптеген бағдарламалар жасалғанымен, оның тиімді және кемшіл тұстары халыққа түсініксіз болып жатады. Сол себепті бұл айдарда біз толық баспанаға қатысты халық көкейіндегі басты сауалдарға жауап береміз. Жастарға арналған бағдарламалар, көпбалалы отбасылардың үйлі болуы, мемлекеттік жобалар жайлы кеңірек тарқатамыз. Оқырман назарына үй кезегіне тұру шарттары, баспананы дұрыс таңдау, оны сату жолдары жайлы қызықты ақпараттар да дәл осы айдарда.
Халықтың әр бағдарламаны қалай сауатты таңдап, баспаналы болуға әрекет жасап, қаржылық сауаттылығын арттыру – біздің басты талап. Осы орайда, халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында «Ипотекалық калькулятор» жүйесін де арнайы енгіздік. Әр оқырман бұл бөлімде баспана алудың қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, өзінің жағдайын, айлық табысын ескере отыра, калькулятордың көмегімен болашақ пәтердің сомасын, артық төлемін біле алады. Бұл мүмкіндік арқылы оқырман түрлі бағдарламалардың пайызын салыстырады. Аталған калькулятор сондай-ақ сізге қандай жобаның тиімді екенін тәжірибе жүзінде есептеуге мүмкіндік береді. Баспанаға қатысты барлық сауалдың жауабы осы айдарда.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Көмек алуға өтінім қалдыру
Сәлеметсіз бе! Dauletten.kz сайтына жаңалықтар мен ұсыныстарыңыз болса, хабарлама қалдыруыңызды сұраймыз.