447.14
500.35
5.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жәрдемақы алатындардың жаңа тізімі: келесі жылдан бастап кімдер төлемнен қағылады?
Жаңалықтар

Жәрдемақы алатындардың жаңа тізімі: келесі жылдан бастап кімдер төлемнен қағылады?

08.10.2026
мин
0
75
Сурет: Aikyn.kz

Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, төлеуді уақытша тоқтату және мүлдем тоқтатудың жаңа ережелері бекітілді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еңбек министрлігі заңнамаға өзгеріс енгізіп, «Отбасының цифрлық картасы» арқылы азаматтарды әл-ауқатына қарай санатқа бөлуге көшті. Енді келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл төлемдер кейбір отбасыларға мүлдем берілмейді.

Үкімет бекіткен ресми құжатта мемлекеттік қолдаудың 10 негізгі түрі көрсетілген:

1. Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

2. Бала күтіміне байланысты ай сайынғы төлем

3. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы

4. Көпбалалы аналарға арналған төлемдер

5. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

6. Асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін төлем

7. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

8. I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындарға берілетін төлем

9. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандарға берілетін жәрдемақы

10. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы

Әлеуметтік көмек кімдерге төленбейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі барлық отбасыларды әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай 5 санатқа жіктеді. «Отбасының цифрлық картасындағы» деректерге сәйкес:

 Ауқатты санаттағы отбасылар (1 және 2-санат): Бұл топқа жатқызылған азаматтарға келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар берілмейді.

 Көмекке мұқтаж отбасылар (3, 4 және 5-санат): Мемлекеттік төлемдер тек осы үш санаттағы жанұяларға ғана төленеді.

Отбасының қай санатқа жататыны арнайы ұпайлық (баллдық) жүйе бойынша анықталады. Азаматтардың кірісі, мүлкі мен әлеуметтік жағдайы цифрлық жүйе арқылы автоматты түрде есептеледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл