444.16
487.29
5.4
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2027 жылдан бастап жұмыссыздық бойынша төлем алу тәртібі өзгереді
Жаңалықтар

2027 жылдан бастап жұмыссыздық бойынша төлем алу тәртібі өзгереді

19.11.2026
1 мин
0
143

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі өзгереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – жұмыссыз қалған азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасу процесін жеделдету.

Жаңа талаптарға сәйкес, жұмысынан айырылған азамат алдымен мансап орталығына жүгінуі қажет.

2026 жылғы 1 қазаннан бастап «жұмыс іздеп жүрген адам» мәртебесінде болу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылды. Осы кезеңде мансап орталығының мамандары азаматтың кәсіби тәжірибесі мен дағдыларын бағалап, оған сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ жұмыс берушілермен сұхбаттасуды ұйымдастырады.

Егер 13 күн ішінде лайықты жұмыс табылмаса, азаматқа ресми түрде жұмыссыз мәртебесі беріледі. Одан кейін де мансап орталығы жұмыс іздеуді жалғастырады. Қажет болған жағдайда азаматқа қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту ұсынылады.

Министрліктің хабарлауынша, жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін әлеуметтік төлем тағайындау үшін бірнеше тәсілмен өтініш беруге болады. Атап айтқанда, өтінішті eGov.kz порталы, Электрондық еңбек биржасы (Enbek.kz) немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жолдауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар ұялы телефонға келетін SMS-хабарлама арқылы проактивті қызметті пайдалануға болады. Бұдан бөлек, мансап орталығына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне барып өтініш беруге де болады.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлем азаматтың белсенді түрде жұмыс іздеу кезеңінде тағайындалады. Төлем мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді және 3 айдан аспайды.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 45%-ын құрайды. Алайда есепке алынатын орташа айлық табыс ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен жоғары болмауы тиіс.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осыған байланысты жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері де айына 346,5 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Министрлік бұл төлемді бұрынғыдай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтар ғана ала алатынын еске салды.

Айта кетейік, әлеуметтік төлем тағайындалғаннан кейін де мансап орталығы азаматқа лайықты жұмыс іздеу жұмыстарын жалғастырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл