444.16
487.29
5.4
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгін Құрылтайда қандай маңызды мәселелер қаралады?
Жаңалықтар

Бүгін Құрылтайда қандай маңызды мәселелер қаралады?

18.11.2026
0 мин
0
139
Сурет: Sputnik / Санат Имангалиев

Қазақстан Республикасы Құрылтайының күн тәртібіне республикалық бюджет, онлайн-платформалар мен масс-медиа қызметін реттеу, халықаралық ынтымақтастық және Жастар кеңесін құру мәселелері енгізілді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы. Құжат екінші оқылымда қаралады.

Сонымен қатар онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін екі заң жобасы бірінші оқылымда талқыланады. Оның бірі қолданыстағы заңнамалық актілерге, екіншісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қатысты.

Бұдан бөлек, отырыста Конституциялық соттың «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы қаралады.

Халықаралық ынтымақтастық бағытында Қазақстан мен Сингапур арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау мәселесі талқыланады.

Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің цифрлық экономика саласындағы әріптестігі туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.

Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – I шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының жанынан Жастар кеңесін құру.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл