«Маман пікірі» айдарында экономика және басқа да өзекті мәселелерге байланысты сала мамандарының пікіріне сүйене отырып жазылған мақалалар жарияланады. Себебі кәсіби мамандардың ой-пікірі мен тәжірибесі арқылы экономикаға қатысты және қоғамдық маңызы бар мәселелердің себебін түсініп, қалай дамитынын болжауға болады, сондай-ақ көп жағдайда олардың шешу жолы да ұсынылады.
Бұл айдарда тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қандай өзгеріс болатыны, қаржы орталығы экономикаға қалай екпін беретіні, доллар бағамы мен теңге жағдайы туралы сенімді ақпараттар бар. Ақшаны дұрыс үнемдеп, қалай саяхаттауға болатыны, отандық киім брендін ашу мен дамыту туралы да айтылған. Яғни, оқырман аталған айдар арқылы интернет желісіндегі түрлі ақпараттардың дұрыстығын анықтап отырмай, білікті мамандардың пікірі негізге алынған, сенімді материалдарға бірден қол жеткізе алады.
Әртүрлі сала мамандарының кәсіби пікірі арқылы таным кеңіп, экономикалық және саяси сауат артып қана қоймай, дұрыс көзқарас қалыптасып, бағыт-бағдар алуға болады. «Маман пікірі» айдарында шетелдік немесе отандық саяхатшы-блогер, кәсіпкер, экономист, дәрігер, заңгер, профессор, белгілі бір ғылымның кандидаттары сияқты сала мамандары өз саласына қатысты құнды пікірлерімен, ақыл-кеңестерімен, тәжірибелерімен бөліскен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу