Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мемлекеттік бағдарлама арқылы салынатын пәтерлердің құнына әсер етпейді. Мұндай пікірді "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов "KHC Workshop-2024" шарасында айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Халық арасында мына пікірлерді жиі естуге болады: "Жаңа жылға дейін пәтер сатып алуға үлгеру керек", немесе "1 қаңтардан бастап тұрғын үй бағасы көтеріледі екен". Сондай-ақ Қосылған құн салығы туралы салық кодексінің құрылыс компанияларына да қатысты екендігі және бұл тікелей бағаға әсер етеді деген әңгімелер де бар.
Сарапшының пікірінше, бұл қауесеттер мемлекеттік бағдарламалар арқылы салынатын үйлерге қатысты емес.
— Ең алдымен, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасында барлық бағалар бекітілгенін ескеру керек. Бұл бағаларды уәкілетті орган ретінде Индустрия және құрылыс министрлігі анықтады. Мұндай шаралар ипотека төлемі кезінде аз қамтылған азаматтарға ауыртпалық түсірмеу үшін қабылданды. Сондықтан тұрғын үй бағасы туралы айтқанда, біз мемлекеттік бағдарламалар арқылы салынатын үйлерге бағаның өсуін күтпейміз. Бұл бекітілген бағалар. Олар құқықтық актілермен реттеледі. Сондықтан біз бұл жерде ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпыз, — деді О.Салықов.
Компания өкілі коммерциялық тұрғын үй бағасына болжам жасай алмайтынын айтты.
— Сіз білесіз, коммерциялық тұрғын үй бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты реттеледі. Мемлекет бұл процеске араласпайды. Әрине, құрылыс шығындарына әсер ететін материалдардың бағасы, инфляция сияқты факторларды ескеру қажет. Азаматтардың сатып алу қабілеті де бағаға әсер етеді. Бұл мәселеде әркім өз мүмкіндігіне қарай шешім қабылдауы дұрыс деп ойлаймын, — дейді Олжас Салықов.