| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгерді. Қарызы үш айдан астам уақыт өтелмеген және берешек сомасы 27 мың АЕК-тен асқан жағдайда кейбір азаматтардың шетелге шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қарыздың мөлшеріне қарай кезең-кезеңімен қолданыла бастады. Ал ірі көлемдегі салық берешегі бар адамдарға қатысты елден шығуды уақытша шектеу тетігі де енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді.
Салық қарызы қанша болса, қандай шара қолданылады?
Жаңа тәртіп бойынша, өндіріп алу шаралары берешек сомасына қарай сараланады. Бұған дейін тәуекелдерді басқару жүйесіне байланысты қарыздың аз мөлшеріне де мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін еді.
Енді талаптар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Қандай жағдайда шетелге шығуға шектеу қойылады?
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде салық берешегіне байланысты Қазақстаннан шығуды уақытша шектеу нормасы қарастырылды. Оны іс жүзінде қолдану 1 қазаннан басталды.
Бұл шара салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқан, ал қарыз үш айдан астам уақыт бойы өтелмеген жағдайда қолданылуы мүмкін. 2026 жылғы есеппен 27 000 АЕК — 116 775 000 теңге.
Шектеу жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірінші басшыларына немесе олардың міндетін атқаратын тұлғаларға қатысты болуы мүмкін. Бұл ретте заңда көзделген өндіріп алу шаралары қолданылып, шектеу сот санкциясымен енгізіледі.
Демек, елден шығуға шектеу кез келген салық берешегі үшін қойылмайды. Ол қарыздың мөлшері мен өтелмеген мерзіміне қатысты белгіленген талаптар орындалған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.