448.61
503.83
5.48
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді емханаға Kaspi.kz арқылы тіркелуге болады
Жаңалықтар

Енді емханаға Kaspi.kz арқылы тіркелуге болады

22.10.2026
мин
0
47
Сурет: kaspi.kz

Қазақстандықтар енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы өздері қалаған медициналық ұйымға қашықтан тіркеле алады. Жаңа сервис азаматтарға емхана таңдап қана қоймай, медициналық сақтандыру мәртебесін тексеруге және тіркелген ұйымы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстандықтар тегін медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымды өздері таңдау құқығына ие. Енді бұл мүмкіндікті пайдалану үшін емханаға жеке барудың қажеті жоқ. Азаматтар медициналық ұйымға Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн тіркеле алады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзенің айтуынша, жаңа сервис мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және халықтың күнделікті мәселелерін жеңілдету бағытындағы жұмыстардың жалғасы.

- Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, адамдардың күнделікті мәселелерін оңай шешуге көмектесетін сервистерді жасап келеміз. Қазірдің өзінде Kaspi.kz қосымшасында тұрғылықты жері бойынша тіркелуге, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақыларды рәсімдеуге, баланың тууын тіркеуге, автокөлікті қайта рәсімдеуге, анықтамалар алуға және басқа да көптеген мемлекеттік қызметтерді пайдалануға болады. Енді медициналық ұйымға тіркелу де осындай оңай әрі ыңғайлы болды. Ынтымақтастық үшін Денсаулық сақтау министрлігіне, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на алғысымызды білдіреміз. Барлық сүйікті клиенттерімізге зор денсаулық тілейміз! – деді Михаил Ломтадзе.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов жаңа сервистің медициналық қызметтерді қолжетімді етуге ықпал ететінін атап өтті.

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және оларды алу процесін жеңілдету бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Kaspi.kz қосымшасы арқылы медициналық ұйымға тіркелу сервисінің іске қосылуы – цифрлық денсаулық сақтау жүйесі мен мемлекеттік сервистерді дамытудың тағы бір маңызды қадамы. Жаңа сервис азаматтарға медициналық ұйымды таңдау құқығын қашықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл шешім Денсаулық сақтау министрлігі, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Kaspi.kz-тің бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметтерді алудың цифрлық арналарының кеңеюі олардың азаматтар үшін қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыратынына сенімдіміз, – деді Ербол Оспанов.

Kaspi.kz арқылы қандай қызметтерді алуға болады?

Қосымшаның «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде азаматтар бірнеше мүмкіндікті пайдалана алады. Атап айтқанда, қай медициналық ұйымға тіркелгенін білуге, МӘМС жүйесіндегі мәртебесін тексеруге, жаңа емхананы таңдауға және емдеуші дәрігерді таңдауға болады.

Тегін медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетіледі.

Емхана таңдауда қандай талаптар бар?

Азамат бір уақытта тек бір медициналық ұйымға ғана тіркеле алады. Ал таңдауға болатын медициналық ұйымдардың тізімін мемлекеттік органдар айқындайды. Сондықтан жаңа сервисті пайдалану кезінде азаматтар ұсынылған тізімдегі емханалардың бірін таңдай алады.

Kaspi.kz қосымшасындағы жаңа қызмет туралы толық ақпаратты Kaspi Гид бөлімінен оқуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл