448.61
503.83
5.48
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 27 мың отбасы қауіпті баспанада тұрады
Жаңалықтар

Қазақстанда 27 мың отбасы қауіпті баспанада тұрады

21.10.2026
мин
0
91

Қазақстанда апатты және әбден тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары баяу жүргізіліп жатыр. Депутаттың мәліметінше, елдегі 1 037 көпқабатты үй апатты жағдайда болса, тағы 3 347 баспана күрделі жөндеу мен жаңартуды қажет етеді. Осыған байланысты Үкіметке реновация қарқынын жеделдету жөнінде ұсыныстар айтылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда ескі және апатты тұрғын үйлерді жаңарту мәселесі қайта көтерілді. Құрылтай депутаты Әмірбек Оспанбеков Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында тұрғындарды қауіпті баспаналардан көшіру жұмыстарының баяу жүріп жатқанын айтып, Үкімет жанынан арнайы комиссия құруды ұсынды.

Депутат келтірген дерекке сәйкес, Қазақстандағы 61 367 көппәтерлі тұрғын үйдің 1 037-сі апатты деп танылған. Тағы 3 347 үйдің тозығы жеткен. Сауалда бұл жағдай шамамен 27 мың отбасының қауіпсіздігіне қатысты мәселе екені айтылған.

Соңғы үш жылда өңірлерде 352 апатты үй сүріліп, олардың орнына 200 жаңа тұрғын үй салынған. Алайда депутаттың пікірінше, мұндай қарқын елдегі ескі тұрғын үй қорын қысқа мерзімде жаңартуға жеткіліксіз. Аталған жұмыс жалпы тұрғын үй қорының небәрі 0,3 пайызын қамтиды.

Өңірлердегі реновация жоспары да біркелкі орындалып жатқан жоқ. 2026–2029 жылдарға арналған жоспар бойынша, Батыс Қазақстан облысындағы 334 апатты үйдің тек үшеуінің тұрғындарын көшіру көзделген.

Ақмола, Қарағанды, Алматы, Ұлытау, Абай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында ескі үйлерді жаңарту үлесі 2–19 пайыз аралығында жоспарланған. Өзге өңірлерде бұл көрсеткіш 20–75 пайызға дейін жетеді.

Ал Астана қаласы, Жамбыл және Павлодар облыстарының әкімдіктері мәселені 2029 жылға дейін жергілікті бюджет пен жеке инвесторлардың қаражаты есебінен толық шешуге дайын екенін білдірген.

Реновацияның баяу жүруіне қатысты құрылыс саласының сарапшысы Диляра Сейітнурова да өз пікірін айтты. Оның сөзінше, ескі үйді бұзу үшін барлық пәтер иесінің келісімін алу талабы жаңарту жобаларын жүзеге асыруды қиындатады. Сарапшы шешім қабылдау тәртібін өзгертіп, бірауыздан келісу талабын көпшілік дауысы қағидасымен алмастыруды ұсынады.

Сарапшының есебінше, елде апатты және ескі үйлердің саны 4,2 мыңнан асады. 2026 жылы 224 үйді бұзу жоспарланғанымен, шілде айының соңына дейін оның тек 44-і сүрілген.

Егер жыл сайын 224 үй ғана бұзылса, қолда бар тұрғын үй қорын жаңартуға шамамен 19 жыл қажет болады. Ал 2029 жылға дейін белгіленген міндеттерді орындау үшін жұмыстың қарқынын алты есе арттыру керек. Осы себепті реновация бағдарламасының толық аяқталуы 2030 жылдардың басына шегерілуі мүмкін.

Апатты баспаналарда өрт шығу қаупінің жоғары екенін атап өткен Әмірбек Оспанбеков Үкімет жанынан Құрылтай депутаттары мен әкімдер қатысатын арнайы комиссия құруды ұсынды.

Сонымен қатар ол тұрғындарды көшірудің нақты жол картасын әзірлеп, реновация бағдарламасының орындалуын әкімдердің жұмыс тиімділігін бағалау рейтингіне енгізу қажет деп санайды.

Бұған дейін Ranking.kz талдау орталығы Қазақстанда 50 мыңға жуық адам апатты үйлерде тұратынын хабарлаған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл