448.44
514.81
5.33
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 қазаннан бастап әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?
Жаңалықтар

1 қазаннан бастап әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?

22.09.2026
мин
0
469
Сурет: almaty.tv

Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету жүйесін өзгерту ұсынылып отыр. Жергілікті атқарушы органдар ұсынатын 13 түрлі көмекті азаматтардың мұқтаждық деңгейіне қарай 4 түрге біріктіру көзделген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда әлеуметтік көмек пен жеңілдіктерді тағайындау тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Премьер-министр Олжас Бектеновке баяндады.

Министрдің айтуынша, өзгерістер әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж азаматтарға бағыттауға арналған.

«Бірінші кезеңде қолданыстағы 36 төлемнің 14 түрі бойынша “шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсету” қағидатына сәйкес мемлекеттік қолдаудың атаулы моделіне көшу үшін нормативтік база қалыптастырылады. Екінші кезең аясында жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмектің 13 түрін азаматтардың мұқтаждық деңгейін ескере отырып, 4 түрге біріктіру көзделеді», – деді министр.

Яғни әлеуметтік көмектің 13 түрі толықтай жойылады деген сөз емес. Негізгі мақсат — бірнеше бөлек қолдау тетігін біріктіріп, азаматтың нақты қажеттілігіне қарай көмек көрсету жүйесін қалыптастыру.

Жиында мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету кезінде жасанды интеллект қолдану нәтижелері де айтылды. Асқарбек Ертаевтың мәліметінше, мүгедектік белгіленуіне негіз болған медициналық құжаттарды қолдан жасауға қатысты 167 жағдай анықталған. Материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.

Сонымен қатар 1 қазаннан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау шарттарындағы өзгерістер туралы халыққа ақпарат беру басталады. Азаматтарға қажетті мәліметтер SMS арқылы, eGov Mobile және банктердің мобильді қосымшалары арқылы кезең-кезеңімен жіберіледі.

Үкіметтің хабарлауынша, ұсыныстарды іске асыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленіп, Құрылтайдың қарауына енгізіледі.

Сондықтан қазір ең маңызды мәселе — көмектің атауы емес, жаңа жүйеде кімдер мұқтаж деп танылып, қандай қолдау алатыны. Нақты талаптар заңнамалық өзгерістерден кейін белгілі болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл