| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент бұл жағдайды мемлекеттік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық мәселесінің қаншалықты күрделі екенін көрсететін оқиға деп бағалады.
- Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы тергеу жұмыстары енді басталғанын және заң бойынша оның мән-жайын жария етуге болмайтынын атап өтті.
Сонымен қатар Президент бұл істің «Заң мен Тәртіп» қағидаты Конституцияда бекітілгеннен кейін біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс екенін айтты.
Тоқаев 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумда қабылданып, 1 шілдеде күшіне енген Конституция талаптарын сақтау баршаға міндетті екенін ескертті.
- Конституцияның ережелері мен баптарын бұзуға, халқымыздың осы қасиетті құжатын келемеж жасауға, кемсітушілік көрсетуге ешкімнің де хақы жоқ, - деді Президент.