447.14
499.54
5.46
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Криптовалюта арқылы ақы алған: Өскеменде есірткіні буып-түюмен айналысқан күдікті ұсталды
Жаңалықтар

Криптовалюта арқылы ақы алған: Өскеменде есірткіні буып-түюмен айналысқан күдікті ұсталды

06.11.2026
0 мин
0
123

Өскеменде интернет-дүкен арқылы есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат ұсталды. Ол есірткі заттарын өлшеп, арнайы түйіншектерге бөліп, буып-түюмен айналысқан, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Басқа облыстың тұрғыны интернеттен оңай табыс табу туралы хабарландыру арқылы заңсыз жұмысқа тартылған. Атқарған жұмысы үшін оған криптовалютамен ақы төленген.

Күдікті "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталды.

Жеке тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған 350 түйіншек табылған. Сондай-ақ есірткі буып-түйілген жалдамалы пәтерден тағы 28 түйіншек пен екі ыдысқа салынған зат тәркіленді. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Оның жалпы салмағы 635 грамды құрады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция интернетте ұсынылатын оңай табыс көздерінің артында есірткіге қатысты заңсыз әрекеттер болуы мүмкін екенін ескертеді. Мұндай қызметке қатысқан азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл