| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
25 қазанда Қазақстанның алты облысында азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Төлем мөлшері өңірге және алушының санатына қарай өзгереді. Кей жерде азаматтарға 112 мың теңгеден асатын қаражат қарастырылса, Астана, Алматы және басқа да бірқатар өңірде мерекеге байланысты арнайы төлем болмайды, — деп хабарлайды Dauletten.kz BAQ.kz сілтеме жасап.
Қазақстанда Республика күніне орай әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі өңірлерге қарай ерекшеленеді. Бірқатар облыста мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға қаржылай көмек берілсе, кей өңірде қарттар, жетім балалар және мемлекеттік наградалардың иегерлері де қолдау алушылар қатарына қосылған. Ал қалған облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда 25 қазанға арнайы төлем белгіленбеген.
Әлеуметтік көмектің көлемі мен оны алушылар тізімі жергілікті деңгейде айқындалады. Сондықтан барлық қазақстандыққа бірдей мөлшерде ақша төленбейді.
Қай облыстарда әлеуметтік көмек беріледі?
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектігі бар азаматтарға 13 АЕК, яғни 56 225 теңге төленеді. Ал мүгедектігі бар балаларға 26 АЕК немесе 112 450 теңге қарастырылған.
Жалпы, бұл көмекті шамамен 27 400 адам алады деп жоспарланған. Қаражатты қазан айында аудару көзделген.
Атырау облысы
Атырау облысында I, II және III топтағы мүгедектігі бар азаматтарға 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.
Жоспар бойынша төлем I топтағы 3 083, II топтағы 9 833 және III топтағы 10 030 азаматты қамтиды. Алайда 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар бұл төлем санатына енгізілмеген.
Өңірде Республика күніне орай ардагерлер мен өзге санаттағы азаматтарға қосымша төлем қарастырылмаған.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға 3 АЕК, яғни 12 975 теңге төлеу жоспарланған.
2026 жылы бұл қолдауды 34 120 адам алады. Төлемдерге жергілікті бюджеттен 426,4 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Ал 2027 жылға 485,8 млн теңге қарастыру көзделіп отыр.
Басқа санаттағы азаматтарға Республика күніне арнайы әлеуметтік көмек беру жоспарланбаған.
Павлодар облысы
Павлодар облысында әлеуметтік төлем алушылардың қатарына I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалары бар отбасылар кіреді. Оларға 5 АЕК мөлшерінде көмек қарастырылған.
Сонымен бірге бұған дейін Конституция күніне байланысты берілген бірқатар төлем Республика күніне ауыстырылған. Бұған мерекелік күнтізбедегі өзгерістер себеп болған.
Осы тәртіп бойынша:
Аталған төлемдерге жалпы 748,4 млн теңге бөлініп, 17,9 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған. Келесі жылы бұл қаражатты Конституция күніне орай, наурыз айында беру көзделіп отыр.
Түркістан облысы
Түркістан облысында мерекеге байланысты 760 азаматқа жалпы сомасы 15,6 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған.
Қолдау алушылар қатарында мүгедектігі бар адамдар мен балалар, қарттар, жетім балалар, сондай-ақ «Қазақстанның Еңбек Ері» және «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлері бар.
Қаражаттың бір бөлігі жергілікті бюджеттен, қалғаны демеушілер есебінен бөлінеді. Мәселен, Кентау қаласында 15,1 млн теңге, Ордабасы ауданында 64 мың теңге қарастырылған. Қазығұрт ауданында 400 мың теңге, Төлеби ауданында 76 мың теңге демеушілер есебінен беріледі.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 3 356 балаға 20 мың теңгеден біржолғы көмек төленеді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 67,1 млн теңге бөлінген.
Қай өңірлерде мерекелік төлем жоқ?
Бірқатар облыс пен қалада Республика күніне орай қосымша әлеуметтік төлем қарастырылмаған. Олардың қатарында:
Республикалық маңызы бар үш қалада да жағдай осындай.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Республика күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек төлеу қарастырылмаған. Шымкент әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік көмекке қатысты қосымша ұсыныстар жаңадан сайланған мәслихаттың қарауына енгізіледі.
Осылайша, ұсынылған мәліметтерге сәйкес, Республика күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында қарастырылған.
Төлем көлемі мен алушылардың санаты әр өңірде әртүрлі. Сондықтан азаматтар өзіне тиесілі көмектің бар-жоғын тұрғылықты жеріндегі әкімдіктен нақтылағаны жөн. Республика күніне арналған төлем барлық өңірде бірдей берілмейді.