| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша 2026 жылғы конкурс басталғанын еске салады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Гранттың негізгі мақсаты – белсенді әрі шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.
2026 жылы республикалық деңгейде 30 грант беріледі, әр гранттың мөлшері – 3 миллион теңге.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары қатыса алады.
Гранттар конкурстық негізде келесі алты бағыт бойынша ұсынылған жобаларды жүзеге асыруға арналған:
– «Ғылым» – ғылыми жобалар мен зерттеулер;
– «Мәдениет» – мәдени мұраны насихаттау, ұлттық дәстүр мен өнерді дамыту;
– «Ақпараттық технологиялар» – IT шешімдер мен стартап жобалар;
– «Бизнес» – жаңа бизнес-идеялар;
– «Медиа» – танымдық және пайдалы контент әзірлеу;
– «Волонтерлік» – әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар.
Өтінімдер 2026 жылғы 21 сәуір мен 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынуы қажет:
– конкурстық өтінім (онлайн форма);
– жобаның сипаттамасы (PDF);
– 60 секундқа дейінгі бейнематериал немесе 10 слайдтан аспайтын презентация;
– шығындар сметасы (PDF);
– зияткерлік меншік туралы мәлімет (бар болса);
– жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82.
Электрондық пошта: t.urpaqtary2026@gmail.com.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.