458.13
502.29
5.58
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісу облысы сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі бойынша көш бастады
Жаңалықтар

Жетісу облысы сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі бойынша көш бастады

29.11.2026
0 мин
0
327

Қазақстанда өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауында сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 45,46%-ы өз таңдауын жасады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге қатысу көрсеткіші бойынша Жетісу облысы алдыңғы орында тұр. Өңірде сайлаушылардың 58,35%-ы дауыс берген. Одан кейінгі орындарда Түркістан (56,91%) және Қызылорда (56,38%) облыстары орналасқан.

Сайлаушылардың белсенділігі Ақтөбе облысында – 54,17%, Шығыс Қазақстан облысында – 54,46%, Абай облысында – 51,82%, Алматы облысында – 51,36% болды.

Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 25,72%-ы дауыс берген. Шымкентте бұл көрсеткіш – 32,74%, Астанада 33,27%-ды құрады.

Қалған өңірлердегі дауыс беру көрсеткіштері:

* Ақмола облысы – 49,14%;
* Атырау облысы – 46,71%;
* Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;
* Жамбыл облысы – 48,05%;
* Қарағанды облысы – 44,76%;
* Қостанай облысы – 46,21%;
* Маңғыстау облысы – 47,51%;
* Павлодар облысы – 46,83%;
* Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;
* Ұлытау облысы – 43,63%.

Осылайша, сағат 14:00-дегі алдын ала мәлімет бойынша республика көлемінде сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 45,46%-ы дауыс беруге қатысты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл