| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,31%-ы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала деректер бойынша, сайлаушылардың белсенділігі өңірлерде әртүрлі деңгейде қалыптасқан.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында сайлаушылардың 16,49%-ы, Қызылорда облысында 16,33%-ы, Түркістан облысында 15,32%-ы дауыс берген.
Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 14,37%, Жетісу облысында 14,24%, Қарағанды облысында 14,01%, Алматы облысында 13,53%, Маңғыстау облысында 13,02%, Ұлытау облысында 12,97%, Жамбыл облысында 12,83%, Шымкент қаласында 12,67% және Абай облысында 12,56% болды.
Сондай-ақ Ақмола облысында сайлаушылардың 12,04%-ы, Атырау облысында 11,86%-ы, Батыс Қазақстан облысында 11,85%-ы, Павлодар облысында 10,91%-ы, Солтүстік Қазақстан облысында 10,82%-ы дауыс берді.
Ал Астана қаласында сайлаушылардың 9,93%-ы, Қостанай облысында 9,75%-ы, Алматы қаласында 6,41%-ы өз таңдауын жасаған.
Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы ұсынған алдын ала мәліметке сәйкес, республика бойынша сағат 10:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,31%-ы дауыс беруге қатысты.