| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында қазақстандықтар өздерінің дауыс беретін учаскесін онлайн анықтай алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ол үшін арнайы интернет-сервистер іске қосылған. Сайлаушылар өз өңірін таңдап, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады.
Сайлау учаскесін анықтауға арналған үш онлайн-сервис қолжетімді:
Сонымен қатар бұл қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да пайдалануға болады.
Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін онлайн-сервистердің сілтемелері азаматтардың ұялы телефондарына SMS арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларына PUSH-хабарлама түрінде жіберілген.
Бұдан бөлек, сайлау учаскесін анықтайтын сервистерге арнайы QR-кодтарды сканерлеу арқылы да өтуге болады.
Осылайша азаматтар дауыс беру күніне дейін өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін және оның қай жерде орналасқанын алдын ала біле алады.