458.28
501.45
5.59
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кәсіпкерлерді әбігерге салған ақпараттық жүйе: депутат Үкіметке сауал жолдады
Жаңалықтар

Кәсіпкерлерді әбігерге салған ақпараттық жүйе: депутат Үкіметке сауал жолдады

25.11.2026
0 мин
0
92
Сурет: ЖИ

Қазақстанда техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйенің тұрақсыз жұмысы кәсіпкерлерге қиындық туғызып отыр. Құжаттарды рәсімдеудің кешігуі, деректердің жоғалуы және сертификаттардың бірыңғай реестрге уақытында түспеуі бизнестің қалыпты жұмысына кері әсерін тигізуде. Бұл мәселені Respublica партиясының өкілі, депутат Нұргүл Тау Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында көтерді, — деп хабарлайды Dauletten.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, «Е-КТРМ» техникалық реттеу ақпараттық жүйесіндегі ақаулар экономиканың түрлі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қосымша қиындықтар туғызуда. Жүйенің тұрақсыздығы салдарынан құжаттарды уақытында рәсімдеу қиындап, тауарлардың шекарадан өтуі кешігуі мүмкін.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, аталған жүйеде 3 349 аккредиттеу субъектісі мен 8 миллионнан астам құжат тіркелген. Алайда ақпараттық платформаның жұмысындағы техникалық ақаулар құжаттарды уақытылы рәсімдеуге кедергі келтіріп отыр.

10 айда 320 рет іркіліс тіркелген

Осы жылдың 1 қаңтар мен 30 қазан аралығында «Е-КТРМ» жүйесінің жұмысында 320 іркіліс кезеңі тіркелген. Кейбір техникалық ақаулар 19 сағаттан астам уақытқа созылған. Мұндай жағдайлар кәсіпкерлердің күнделікті жұмысына тікелей әсер етеді. Жүйенің баяу жұмыс істеуінен құжаттарды түнгі уақытта рәсімдеуге тура келеді. Ал кейбір жағдайларда енгізілген мәліметтер жоғалып, құжаттарды тіркеу мүмкін болмай қалады.

Депутат Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай реестрімен ақпарат алмасу мәселесіне де назар аударды.

Министрлік ұсынған деректерге сәйкес, ЕАЭО реестріне 621 747 сәйкестік сертификаты мен декларациясы жіберілген. Сонымен қатар 475 767 құжат бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жою жұмыстары 2027 жылғы ақпанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл мәселенің уақытында шешілмеуі тауарлардың шекарадан өтуін қиындатып, кәсіпкерлердің тасымалдау және сақтау шығындарының артуына әкелуі ықтимал.

39 мыңнан астам өтініш: техникалық қолдау жұмысына да сын айтылды

Ақпараттық жүйенің техникалық қолдау қызметіне қатысты көрсеткіштер де депутаттың назарынан тыс қалмады. 2026 жылдың басынан бері техникалық қолдау қызметіне 39 039 өтініш түскен. Оның 6 684-і бір тәуліктен астам уақыт қаралған. Қазіргі уақытта 2 358 өтініш қаралу үстінде болса, тағы 15 152 өтініштің мәртебесі белгісіз.

Бұдан бөлек, депутат реестрдегі мәліметтердің дұрыстығына қатысты мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, жарамсыз құжаттардың жүйеде әлі күнге дейін «Қолданыста» деген мәртебемен көрсетілуі және бұрынғы ақпараттық жүйеден деректердің толық көшірілмеуі алаңдаушылық туғызуда.

Депутат Үкіметке қандай ұсыныстар енгізді?

Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін Нұргүл Тау Үкіметке бес бағыт бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

Біріншіден, «Е-КТРМ» ақпараттық жүйесіне тәуелсіз техникалық аудит жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою және QazTech платформасына көшу жоспарын бекіту қажет.

Екіншіден, сәйкестік сертификаттары мен декларацияларының ЕАЭО бірыңғай реестріне уақытында жіберілуін автоматты түрде бақылау тетігін енгізу ұсынылды.

Үшіншіден, ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда кәсіпкерлердің жұмысы тоқтап қалмауы үшін кеден органдарымен келісілген баламалы тәртіп әзірлеу қажеттігі айтылды.

Төртіншіден, реестрдегі қате мәліметтерді түзетіп, бұрынғы жүйеден барлық деректердің толық көшірілуін қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.

Бесіншіден, техникалық қолдау қызметіне түскен өтініштерді қарау және анықталған ақауларды жою мерзімдерін нақты белгілеу ұсынылды.

Депутаттық сауалда мемлекеттік ақпараттық жүйелердің негізгі міндеті кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету екеніне назар аударылған. Ал техникалық ақаулар бизнеске қосымша әкімшілік кедергілер туғызып, қаржылық шығынға ұшыратпауы тиіс. Осыған байланысты Нұргүл Тау Үкіметтен ұсынылған бес бағыттың әрқайсысы бойынша қабылданатын шешімдерді және оларды іске асырудың нақты мерзімдерін көрсетуді сұрады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл