| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылған Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Көп ұзамай оның «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын басқаратыны белгілі болды.
Айта кетейік, Ерсайын Нағаспаев бұған дейін де ұлттық компанияда қызмет атқарған. Атап айтқанда, 2021–2025 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры болған.
Сондай-ақ әр жылдары Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.