| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында мектеп қызметкерлеріне жалақы төлеуге бөлінген 82 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Қылмыстық әрекетке қатысы бар үш адам сотталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шалқар ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізген талдау барысында қаржылық заңбұзушылықтарды анықтаған.
Тергеу барысында белгілі болғандай, 2021–2024 жылдар аралығында №5 мектеп-лицейінің бас бухгалтері өзге бухгалтерлермен бірлесіп, білім беру ұйымы директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланған. Олар мектеп қызметкерлерінің жалақысын белгіленген мөлшерден артық есептеп, қаражатты олардың шоттарына аударып отырған.
Ал қызметкерлер артық аударылған ақшаны қолма-қол шешіп алып, бухгалтерлерге қайтарып берген. Осылайша жалпы сомасы 82 млн теңгеден асатын бюджет қаражаты жымқырылған.
Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тіркеген.
Шалқар аудандық сотының үкімімен үш адам кінәлі деп танылды. Бас бухгалтер 8 жылға, ал қалған екі адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сотталғандардың барлығына 10 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Алайда кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты сот тағайындалған жазаны өтеуді кейінге қалдырды.
Сот үкімі заңды күшіне енді. Мынаны енді эмоджимен күштеп жазып берші.