Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Артқа қайту

«Бала-шағамен Солтүстікке» жобасы

29.03.2022
10 мин
2
15872
«Бала-шағамен Солтүстікке» жобасы

 

«Dauletten» қайырымдылық қоры тарапынан қасиетті Рамазан айында«БАЛА-ШАҒАМЕН СОЛТҮСТІККЕ» жобасы бастау алды. Жоба аясында кезекті 5 отбасын еліміздің солтүстігіне қоныстандыру жоспарланған. Отбасыларға баспана, балаларды мектепке орналастыру және кәсіп бастауға 1 миллион теңге қайтарымсыз қаражат беріледі.

Қор тарапынан жоба қатысушыларына берілетін көмек: 

  • Ауылдан үй алынады;
  • Жарты жыл көлемінде 60 000 теңге төленіп отырады;
  • Кәсіп бастауға қор тарапынан 1 000 000 теңге беріледі;
  • Оқушы балалардың ЖАҢА оқу жылына мектеп құрал-жабдықтары алынады; 
  • Үйінің ауласына картоп, сәбіз, орамжапырақ егуге бір реттік дәні (семена) алынады;
  • Қыс басталғанда бірінші жылы 8-10 тонна көмір беріледі; 
  • Көшу, жол шығындары толығымен қор тарапынан төленеді; 
  • Көшкен ауылда 3 жыл тұратын болса, үй атына аударылады. Оған дейін баспана қордың жеке меншігінде болады.

Жоба Дәулет Төлеутайұлының ҚАЙЫРЫМДЫ ОҚЫРМАНЫ арқасында жүзеге асады.

Дәулеттің оқырмандары - Қайырымдылықтың нағыз бренді!

Сауалнама арнайы баллдық шкаламен есептеледі. Мысалы, әр бала санына +1 балл, жоғары білімге +1 балл, орта кәсіптік білімге +0,5 балл, жолдасы (жұбайы болса) +1 балл және т.б.

  • Жобаға 1311 өтінім келді. Бүгін іріктеу кезеңінен жиыны 10 адам өтті. Енді оның ішінен 5 отбасы Солтүстікке қоныс аударады. Көріп отырғандарыңыздай, жоба қатысушыларымен @dauletten_qory қамқоршылық кеңесі, сондай-ақ басқа да қоғам белсенділері, журналистер сұхбат жүргізді. Оның ішінде Дана Нұржігіт, Ләззат Мұратқызы, Досымжан Таңатаров, Нағашыбек Алдан қатысты. “Бала-шағамен солтүстікке” жобасында үздік танылған 5 отбасы таңдалып алынды. 

1. Сұлтамұратов Аманжол - Нұрғалиева Гүлзира
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы
6 балалы отбасы

2. Әйтімов Айдос  - Сатыбалдиева Әлия 
Шымкент қаласы
5 балалы отбасы

3. Мақұлбеков Мұрат - Сұлтанбекова Ғалия
Алматы облысы, Шамалған ауылы
4 балалы отбасы

4. Баймырзаев Абзал - Маханова Перизат
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті
5 балалы отбасы

5. Байғұлов Мұратбай  - Ұзақова Гүлнұр
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқы  ауылы
6 балалы отбасы

Реквизиттері:
Байланыс:
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл